Түркістан облысында 22 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетпек.
Лагерлердің жұмысы, балалар қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады. Су нысандары мен шомылу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл бойынша жұмыстарды жауапты сала басшыларымен бірге тағы бір пысықталды.
Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетпек. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 36 мыңға жуық оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.
Лагерлердің инфрақұрылымы, тамағы, жатын орны,медециналық көмек көрсету орындары бәрі талапқа сай болуы тиіс. Суы, қоршаған ортасы, ауасы таза әрі денсаулықты нығайтуға қолайлы болғаны жөн. Екіншіден, лагерлердің күзет қызметін, жалпы қызметкерлерін тәжірибелі мамандармен қамтылуы міндеттелген. Балалардың қауіпсіздігі бірінші орындағы мәселе. Осы салаға жауапты басшыларға биылғы демалыс маусымын мазмұнды әрі сапалы өткізуге, балалардың алаңсыз тынығуына жағдай жасалуы тапсырылды.
Қала сыртындағы лагерлер маусым айынының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді. Бұл лагерлер бейнебақылау жүйелерімен, күзет қызметімен, байланыс құралдарымен, өрт дабылдарымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылатын дабыл батырмаларымен жабдықталуда.
Жуырда шомылу маусымы да ашылып жатыр. Төтенше жағдай департаменті, аудан, қала әкімдіктеріндегі жауапты бөлімдері барынша қырағылық таныту тиіс. Тұрғындар арасында суға шомылу ережелерін сақтау, қауіпті аймақтарға шомылмау жөнінде түсіндіру және ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Жауапты тұлғаларға барлық аудан, қаладағы жұртшылық шомылатын орындардың картасын әзірлеп, сол аймақтарда қауіпсіздікті күшейтілуі міндеттелді. Су нысандарын қоршау, балаларға арналған каркасты бассейндермен, коммуналды шомылу жағажайларымен қамту жұмыстарын күшейту тапсырылды.