elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Құрылыс барысы Түркістан қаласында бақылауда.

19 июня, 2024
in Түркістан облысы, Экономика, Қазақстан, Әлеумет
0
Құрылыс барысы Түркістан қаласында  бақылауда.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Құрылыс барысы жіті бақылауда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістанда Достық үйі ғимаратының құрылысы басталған. Нысанды биыл пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Құрылыс алаңын Түркістан облысының әкімі өзі аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады. Мердігерлермен кездесіп, сапаға, ішкі дизайнына ерекше мән беруді тапсырды.
Қазіргі уақытта нысанның кірпіші қаланып, сыртқы инженерлік желілері толық жүргізілген. Этносаралық татулықтың ұйытқысына айналатын жаңа ғимаратта Ассамблея, этномәдени бірлестіктер орналасады.
Бұдан бөлек, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлерге тапсырмалар берілді. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдап, қажетті құрылыс материалдарды жергілікті шеберлерден сатып алуларын ескертті. Бұл үйлерге  келешекте 2 мыңнан астам отбасы қоныстанады.
Түркістан қаласы халықты баспанамен қамту бағытында елімізде алдыңғы қатарда екенін айтып өткен жөн. Облыс құрылғаннан бері өңірде 40 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Жаңа шағын аудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді. Жұмыстар жалғасады. Биыл бюджет есебінен 41, жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Сонымен қатар осы жылы жалпы 191 үй салу жоспары бекітілді. Бүгінде 159 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оларды жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Алдыңғы пост

UEFA-ның халықаралық талаптарына сәйкес «Turkestan-Arena» стадионы.

Келесі жаңалық

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі