elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

14.06.2024ж Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының кезекті Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті.

14 июня, 2024
in Аймақ, Білім мен ғылым, Таным, Түркістан облысы, Экономика, Қазақстан, Қоғам, Өнеркәсіп
0
14.06.2024ж Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының кезекті Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті.
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

14.06.2024ж Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының кезекті Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті.

Өңірді дамыту бағытында әкімдер үшін халықтың ой-пікірі маңызды. Осы мақсатта облысқа қарасты аудан, қала тұрғындарымен кездесуін облыс әкімі Сайрам ауданында жалғастырды. Кездесуде өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қолға алынған жобалар туралы айтты. Сайрамдықтар да өз ұсыныстары мен өтініштерін бүкпесіз жеткізді. Өзекті мәселелер бойынша қойылған сұрақтарына жауап алды.

Сайрам – өңірдегі ең ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлікке ден қойған аудан. Әлеуеті өте жоғары. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сайрам ауданында өткен жылы 31 жоба іске асырылған. Бірқатарына тоқталсақ, Нұржанқорған елді мекенінде 300 орынға арналған мектептің қосымша корпусы пайдалануға тапсырылды. Қарамұрт елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Ақбұлақ елді мекенінде мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілген. Қасымбек Датқа елді мекенінде электр желілерінің құрылысы жүргізілді 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 207 жоба қаржыландырылды. Сайрам ауданында 28 мектепте жоғары жылдамдықты «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы орнатылып, толық іске қосылған. Жалпы өңірлік өнім былтыр 257 млрд теңгеден асты. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 71 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өскен. Дегенмен, алда атқарылар жұмыс көп. Ауданның өндірісін дамыту, кәсіпорындарды көбейту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайту, терең өңдеу салаларын дамыту керек.
Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артқан. Өндірген өнім көлемі де тиісті кезеңмен салыстырғанда 46 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі артығымен орындалған. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі жоспардан артығымен орындалған.
Аудан экономикасын дамыту бағытында кемшіліктер де кездеседі. Аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына кездесуде көтерілген мәселелерді ретімен шешу, қаржыны тиімді игеру, заңсыз құрылыстарды тоқтату, қылмысты төмендету бойынша тапсырмалар берілді облыс әкімі тарапынан. Сонымен бірге «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында тазалық жұмыстарын жалғастыруды жүктеді.
 Кездесуден кейін тұрғындарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өтті. Барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында шешімін табатыны анық.
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында алдағы үш жылда 63 білім ошағы салынады. Соның бірі Сайрам ауданындағы Ақсукент ауыл округінде салынып жатыр. Ауданға іссапар барысында Түркістан облысының әкімі 600 орындық білім нысанының құрылысын тексерді. Мердігерлермен жұмыстарды пысықтады.. Бүгінгі таңда нысанның жертөле бетондары құйылып, іргетасын қалау жұмыстары жүргізілу барысында екен.
Елімізде мектеп тапшылығын жою және білім сапасын көтеру мәселесі алда тұрған міндеттердің бірі. Президент тапсырмасымен қолға алынған маңызды жобаның жүзеге асыру барысы қатаң бақылауда. Жалпы аудан бойынша 3 жайлы мектеп салу жоспарда бар. Олар Ақбұлақ және Қарасу ауылдық округінде бой көтермек.
 Сайрам ауданындағы тағы бір жағымды жаңалық: ауданда жаңа мөлтек аудан құрылады. Онда  келешегі 12 мыңға жуық адам қоныстанбақ. Қарасу ауылдық округінде болып,  әкім жаңа құрылыс аумағының бас жоспарымен танысты. Мөлтек ауданда бес қабатты 49 тұрғын үй, әкімшілік ғимараты, мешіт, мәдениет үйі, жастар сарайы, қазандық, сауда үйі, балабақша мен мектеп, коммерциялық нысандар мен саябақ салу жоспарлануда. Биыл инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын басталмақ. Нысан 2028 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, ауданда биыл мемлекеттік екі нысан бой көтереді.
  Аудан басшысы мен мердігерлерге жұмысты бастан-аяқ жоспарға сай, нормаларды сақтай отырып жүргізуді міндеттеп, құрылыс барысы жіті бақылауда болатындығы жайлы айтты облыс әкімі.
• Өткен жылы ауданда абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі құрылған. Мекеме «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына да атсалысуда екен.
 Тағы айта кететін  жайт Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан. Ауданға іссапар барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» зауытында болып, жұмысын бақылады. Бұл – еліміздегі мал шаруашылығы фермалары мен шалғай жайылымдар үшін су көтергіш техника мен арнайы техниканы жалғыз жеткізуші кәсіпорын. Сондай –ақ, СНП-500/10 типті сорғы станцияларын шығаратын жетекші өндіріс орындарының бірі. Мұнда жылына 100 насос шығарылады. Аталған сорғы станциялары Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие.

Аталған машина жасау зауыты «Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновциялық колледжінің» құрылтайшысы. Білім ордасында болып, оқу базасымен таныстып, колледж оқытушыларымен бірге даму мүмкіндіктерін талқылады облыс әкімі. Колледжде сапалы білім алу үшін жақсы жағдай жасалған, қажетті арнайы кабинеттермен қамтылған. Мұнда техникалық және кәсіптік 10 бағыт бойынша мамандарды даярлайды.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында халық үніне құлақ асатын мемлекет құру идеясын бірнеше рет атап өткен болатын. Бұл бастама қоғам мен билік арасындағы байланыс сапасын жақсартуға, азаматтардың сұраныстары мен мәселелерін шешуге бағытталған. 2024 жылғы Жолдауда да Президент осы идеяны жетілдіру қажеттігін ерекше атап өтті. Естуші үкімет – бұл қоғамдағы әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесі.

Естуші үкіметтің негізгі қағидалары
Естуші үкіметтің басты мақсаты – халықтың мұң-мұқтажын түсініп, оны шешу жолында нақты іс-қимылдарды жүзеге асыру. Президент өз сөзінде халықпен тікелей байланыс орнату, олардың пікірін ескеру, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ерекше назар аударды. Бастаманың негізі – мына қағидаларға сүйенеді:

1. Ашықтық пен жауапкершілік. Мемлекеттік органдар өз қызметтерін ашық жүргізіп, азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беруі тиіс. Бұл қадам қоғамның билікке деген сенімін арттыруға септігін тигізеді.

2. Тез әрі сапалы шешім қабылдау. Халық көтерген мәселелерді уақытында шешу мемлекеттік органдардың басты міндеті болуы керек. Президент әрбір мемлекеттік органның азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын мұқият қарауы қажет екенін айтты.

3. Халықтың қатысуы. Азаматтар елдегі маңызды шешімдерді қабылдауға, заңнамалық бастамаларға тікелей қатысуы тиіс. Бұл қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтуді және онлайн платформалар арқылы пікірлерді жинауды көздейді.

 

Естуші үкіметті іске асыру қадамдары
Президент жолдауында естуші үкімет қағидаларын нақты іске асыру үшін бірнеше бастама көтерілді:

Цифрлық шешімдерді дамыту. «E-Otinish» жүйесінің ауқымын кеңейту және халықтың барлық өтініштерін уақытында қарау маңызды. Бұл платформа мемлекеттік органдардың жұмысын айқын әрі қолжетімді етеді.

Азаматтарды қабылдау. Мемлекеттік органдар басшыларының ай сайын халықты жеке қабылдауын ұйымдастыру міндеті жүктелді. Әрбір азамат өзінің мәселесінің шешімін табатынына сенімді болуы тиіс.

Жергілікті басқаруды күшейту. Әкімдер халықпен тікелей жұмыс істеп, жергілікті деңгейдегі мәселелерді уақытында шешуге жауапты болады. Бұл әсіресе ауыл-аймақ тұрғындарының жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Естуші үкімет – әділетті қоғамның негізі
Президенттің жолдауында бұл бастаманың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру және елде әділетті қоғам құру екенін атап өтті. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа қатысуы және олардың пікірімен санасу елдің тұрақты дамуына жол ашады. Әділетті қоғамда ешкімнің құқығы бұзылмайды, әрбір азамат өзін қауіпсіз әрі құрметке ие сезінеді.

Халық үнін есту – тұрақтылықтың кепілі
Естуші үкімет идеясы – ел дамуының стратегиялық бағыты. Президент жолдауында халықпен байланыс орнатудың тек техникалық емес, адамгершілік аспектісіне де назар аудару қажеттігін айтты. Бұл – шенеуніктердің тек бұйрық орындаушы ғана емес, халықтың сеніміне лайықты қызметкер болуы керек дегенді білдіреді.

Қорытынды
Естуші үкімет – жаңа заманның талабына сай, азаматтардың мүддесін басты орынға қоятын басқару үлгісі. Президент бастамасы қоғамдағы теңдік, әділеттілік және сенім қағидаларына негізделген заманауи мемлекетті қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады. Ендігі кезекте, бұл жүйені іске асыруда мемлекеттік органдар мен азаматтардың белсенділігі қажет. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға болады.

Алдыңғы пост

Өңірді дамыту бағытында біз үшін халықтың ой-пікірі маңызды.

Келесі жаңалық

UEFA-ның халықаралық талаптарына сәйкес «Turkestan-Arena» стадионы.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі