elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

САУРАН АУДАНЫНДА «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

26 августа, 2024
in Аймақ, Білім, Таным, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам
0
САУРАН АУДАНЫНДА «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Діни экстремизм – бүгінгі таңда жаһандық қауіпсіздік пен қоғам тұрақтылығына айтарлықтай қатер төндіретін құбылыс. Бұл ұғым адамның діни сенімдерін теріс пайдалану арқылы қоғамға қарсы әрекеттер жасауын білдіреді. Экстремистік ұйымдар діни құндылықтарды бұрмалап, оларды зорлық-зомбылықты ақтау құралы ретінде қолданады.

Негізгі себептері мен таралуы
Діни экстремизмнің таралуына бірқатар факторлар ықпал етеді, атап айтқанда:

1. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік. Кедейлік, жұмыссыздық, білімнің төмендігі сияқты мәселелер экстремистік идеяларды қабылдауға бейім етеді.

2. Ақпараттық насихат. Қазіргі технологиялар, әсіресе әлеуметтік желілер арқылы экстремистік топтар өз идеологияларын кеңінен таратады.

3. Саяси тұрақсыздық. Соғыстар мен қақтығыстар аймағындағы әлсіз мемлекеттер экстремистік топтар үшін ыңғайлы орынға айналады.

Экстремизм тек жеке тұлғаларға ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп төндіреді. Ол:

Тұрақсыздық пен үрей тудырады;

Ұлтаралық және дінаралық келісімге зиян келтіреді;

Экономикалық шығындар мен дамудың тоқырауына әкеледі.

Қазақстанда діни экстремизммен күрес мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналған. Елде арнайы заңдар қабылданып, терроризмге қарсы күрес агенттіктері жұмыс істейді. Сонымен қатар, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастарды деструктивті ағымдардың ықпалынан қорғауға бағытталған бағдарламалар іске асырылуда.Діни экстремизммен күрес қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігін талап етеді. Білімді арттыру, дінаралық келісімді нығайту және халықты ақпараттандыру – бұл зұлымдықпен күрестің ең тиімді құралдары. Экстремизммен тек күш қолдану арқылы емес, оның түпкі себептерін жою арқылы ғана күресуге болады.

Сауран ауданы, Жібек Жолы ауылдық округіндегі, ТОО»Жанат Ш» бөбекжай балабақшасында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әсілбек Рауан ашып, жүргізіп отырды. Сондай-ақ жат ағымдардың ұлтқа, мемлекетке қауіптілігі мен туралы жан-жақты түсіндіріп, балалар мен жастардың тәрбиесіне қарап, қадағалау қажеттігі жөнінде айтты.
Сонымен қатар, ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады.
Дәстүрлі ханафи мәзһабының қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын рөлі, діни экстремизмнің зиянды тұстары мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат берді. Жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың бағыт-бағдары түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға жауап берілді.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ теологы Д.Ажибай тиым салынған діни экстремистік ұйымдар туралы баяндады.

Алдыңғы пост

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ШАРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА .

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі