elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ОТЫРАР АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ.

19 сентября, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Экономика, Қазақстан, Әлеумет, Өнеркәсіп
0
ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ОТЫРАР АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ.
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеп, Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады.
Сапар барысында Тамара Дүйсенова Отырар ауданында болып, Шәуілдір ауылындағы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының жұмысымен танысты.
Мұнда «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі ұйымдастырылп, облыс көлеміндегі 12 колледжде өндірілетін өнімдер көрсетілді. Оның ішінде балық өнімдері, ветеринарлық техника, роботтар және металл өңдеу өнімдері бар.
Сапар аясында облыста білім сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өтіп, мәжілісті облыс әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отырды.
Кеңеске мектеп директорлары мен колледж басшылары қатысты. Өңірде Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мектептермен кешенді жұмыс жүргізілуде. Халықаралық және ішкі зерттеулер нәтижелері бойынша білім беру нысандары 3 санатқа бөлінді. Әр санат үшін KPI анықталды. Түркістан облысында 280-ден астам мектеп «Мақсатты мектептер» ретінде белгіленді. Олар министрлік жанындағы институттармен әдістемелік көмек алады. Бұл мектептердің мұғалімдерін үш деңгейлі оқыту қарастырылған.
Президент өз Жолдауында ттехникалық және кәсіби білім беру саласын трансформациялау міндетін қойды. Кеңесте осы бағытта қабылданатын шаралар туралы айтылды. Мысалы, жан басына қаржыландыру нормативі қайта қаралып, базалық және ынталандырушы бөлікке бөлінеді. Халықаралық стандарттарды енгізген және түлектерін жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған колледждер жоғары қаржылай қолдау ала алады. Мұндай оқу орындарының мысалы ретінде Талдықорған қаласындағы Политехникалық колледжін атауға болады. Ол білім ұясы NCCER стандарттарын енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын.
«Баланы балабақшадан бастап, колледжге дейін жан-жақты дамыту керек. Бұл – біздің негізгі міндетіміз. Балабақшалар мен бастауыш сыныптардағы бағдарламаларды синхрондау, жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, оқу барысында салалық стандарттарды енгізу және басқа да шаралар балалардың тұлғасын дамытуға бағытталған. Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы керек», деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
 
Алдыңғы пост

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА САУРАН АУДАНЫНДА

Келесі жаңалық

ШАҒЫН ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ ОТЫРАР АУДАНЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі