elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

АУДАНДА КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АҒАШ ҰҚСАТУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

26 сентября, 2024
in Аймақ, Мәдениет, Түркістан облысы, Экономика, Қоғам, Әлеумет, Өнеркәсіп
0
АУДАНДА КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АҒАШ ҰҚСАТУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АУДАНДА КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ АҒАШ ҰҚСАТУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қазақ өркениетінің алтын діңгегі Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында республикалық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Алдымен ауқымды іс-шаранының ашылу салтанаты өтіп, онда Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директоры Айбек Жандосов сөз алып ұйымдастырушылар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жәрмеңкенің қадірлі қонағы ретінде шақырылған ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі, музей ісінің ардагері Рыскүл Бекталиева және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші, этнодизайнер Кендебай Қарабдалов құттықтау сөз алып, өз алғыстарын жеткізді. Аудан әкімі орынбасарымен бірге лентасын қиды.
Шара барысында әділ қазылар алқасы таныстырылды. Олардың қатарында Рыскүл Бекталиева мен Кендебай Қарабдаловтан бөлек, «Тұран-қазақ» суретшілер консолидациясының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, белгілі суретші Әділхан Мәлік, Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ералы Шоқай бар.
Қазақ елінің өнер майталмандарының арасын жақындата түсетін, ынтымағын нығайтатын, дәстүрлі өнерін ұштастыратын салтанатты жиын әрі қарай арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Содан соң еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 30-дан астам керамика және ағаш ұқсату өнерінің хас шеберлерінің қолөнер бұйымдары таныстырылды. Жәрмеңке барысында шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, көпшілікке атадан мұра болған өнер кеңінен насихатталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ұйымдастырған республикалық жәрмеңке кешке дейін жалғасты.
Озық үлгідегі туындылар әділ қазылардың шешімімен сараланып, үздік деп танылған қолөнер шеберлеріне жабылу салтанатында арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен жүлделі сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда қазылар алқасының шешімімен керамика өндірісі бағыты бойынша жүлделі III орынды Умирбаева Парида (Абай облысы), жүлделі II орынды Ерімбетов Жанұзақ (Түркістан облысы), I орынды Рысбаев Абайхан (Түркістан облысы), Бас жүлдені Бабашов Данияр (Алматы облысы) иемденді. Сондай-ақ ағаш өңдеу бағыты бойынша жүлделі III орынды Қалдарбеков Анарбай (Түркістан облысы), жүлделі II орынды Сәдірбеков Қожабек (Шымкент қаласы), I орынды Күнқожаев Гауһарбек (Түркістан облысы) иеленді. Бір тәулікке созылған республикалық жәрмеңкеде өзге де қолөнершілерге «Ең креативті шебер», «Жас дарын», «Асыл ұстаз» номинациялары мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жәрмеңке соңы концерттік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты. Әрі қарай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы тарапынан қонақтар мен қатысушыларға өңірдің тарихи-мәдени орындарын аралатып, экскурсия ұйымдастырылды.
Алдыңғы пост

САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ ШАҒЫН АУЫЛДЫҢ ӨНІМІ РЕСПУБЛИКАҒА ТАРАЙДЫ

Келесі жаңалық

ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі