elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 151 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

14 октября, 2024
in Түркістан облысы, Экономика, Қазақстан, Қоғам, Өнеркәсіп
0
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 151 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудан орталықтарын дамыту мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауылдық жерлердің инфрақұрылымы мен өмір сүру сапасын жақсарту қажет. Бұл бағытта бірнеше маңызды тапсырмалар берілді.

Президенттің айтуынша, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы мен білім, денсаулық сақтау мекемелерін жаңғырту – басты міндеттердің бірі. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін арнайы бағдарламалар іске асырылмақ.

Аудан және ауылдарды дамыту арқылы елдің барлық өңірлері арасындағы теңгерімді даму қамтамасыз етіліп, ауыл халқының тұрмыс деңгейі артатын болады.

Түркістан облысында барлық аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жоспар жасалып, ол облыс әкімі мен басқарма басшыларының алдында арнайы талқылаудан өтіп, бекітіледі. Кестеге сәйкес бүгін Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жоспардың кейбір жетілдіретін тұстарына тоқталып, аудан әкіміне жұмысты жүйелеуді тапсырды.
– Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бой көтерген өндірстік парктің мүмкіндігін толық пайдаланып, индикаторға енгізген жөн. Бізге өзіндік кіріс көздерін молайтып, жұмыс орындарын көбейтпесек болмайды. Сауран ауданын дамытуда ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарын да қайта пысықтап, жұмысты жандандырыңыздар. Барлық аудан, қала әкімінің жоспары тыңдалады, – деді Дархан Сатыбалды.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, ауданның даму жоспарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм басым бағытқа ие. Ауданда жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру ісі жақсы дамыған. 2030 жылға дейін құны 174,6 млрд. теңгені құрайтын 151 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы бойынша 52 жоба (жоба құны – 107 млрд. теңге, 390 жұмыс орны), өнеркәсіп саласында 85 жоба (жоба құны 53,1 млрд. теңге, 2 427 жұмыс орны), туризм саласында 14 жоба (жоба құны 14,5 млрд. теңге, 250 жұмыс орны) жүзеге асады. Жалпы 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 321,5 млрд. теңгеге жетіп, 2,4 есе артады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге өндірістік аймақтарды кеңейту, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жасау, пластмасса өнімдерін өндіру жобалары жүзеге асады. Су үнемдеу технологияларына 17,6 млрд. теңге инвестиция тартылады. 14 жобаны жүзеге асыру көзделген. Мал, құс, балық, егін және мақта шаруашылығы да дами түседі.
Туризм саласында 14 жоба енгізілсе, оның 4-еуі биыл ашылмақ. Емдік-сауықтыру және демалыс аймақтары салынады. Аудандағы тарихи орындардың туристік әлеуетін көтеру бағытында да жұмыстар жүргізілмек.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЖАСТАР ҚОҚЫСТАРДЫ СҰРЫПТАУҒА АРНАЛҒАН ЖӘШІКТЕР ОРНАЛАСТЫРДЫ.

Келесі жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАРЫН КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі