elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ІССАПАРМЕН БАРДЫ.

28 октября, 2024
in Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Экономика, Қазақстан, Өнеркәсіп
0
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ІССАПАРМЕН БАРДЫ.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын.Мемлекет басшысы Қазақстанның инвестициялық тарту стратегиясын жетілдіру мақсатында бірнеше маңызды бастамалар көтерді. Қазіргі уақытта елімізде экономикаға шетелдік және ішкі инвестицияларды тартудың маңызы зор. Инвестицияларды тарту процесін жеңілдету үшін мемлекеттік органдар бюрократиялық кедергілерді азайтуға, заңнаманы жетілдіруге және инвесторларға қолайлы жағдайлар жасауды көздеуде.

Президент еліміздегі бизнес ортаны жақсарту, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлік секторын дамыту үшін салықтық жеңілдіктер, инфрақұрылымдық жобалар және арнайы экономикалық аймақтар құру жоспарларын ұсынды. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды тарту мақсатында түрлі келісімдер мен шарттар жасау, халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне де баса назар аударылды.

Қазіргі таңда Қазақстан инвестиция тарту бағытында әлемдік нарықтарға шығуды көздей отырып, агроөнеркәсіп кешені, мұнай-газ, ақпараттық технологиялар және басқа да маңызды салаларды дамытуға басымдық беруде. Сонымен қатар, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымдық қолдау, жұмыс күшін даярлау және қолайлы салықтық саясат ұсынылды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-ға арнайы іссапармен барды.

Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.
Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ пен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бо­йынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір ең та­бысы мол бизнестің түрі осы балық ша­­руашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. «Салқын су» балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсіппен айналысқан шаруа қожалығында бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетеді, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.
Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды «Шин ноң» тәтті жүгері жүгеру зауыты жұмыс істейді. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады.
Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар «Кен юань» саңырауқұлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай Халық Республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады.
Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екіжақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрика жұмыс істейді деген жоспар бар. Сапар апта соңына дейін жалғасады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АЙТЫС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі