elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

25 ноября, 2024
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Әлеумет
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ
Бүгін ауданда қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға тиімді әрекет ету мақсатында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қатысып, аудан деңгейінде төтенше жағдай орын алған кезде оны жоюға жұмылдырылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігін тексерді.
Аудан басшысы алдымен инженерлік қызметтің әлеуетін бақылап, техникаларымен танысып, қысқа дайындығын бағамдады.
Оқу-жаттығудың алғашқы сәтінде «Дабыл-1001» сигналы қосылып, басқару органдарының күштері мен құралдарын даярлыққа келтіру үшін жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтеріне тиісті хабарлама берілді. Жоспардан тыс аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның отырысы өткізіліп, барлық жауапты қызметкерлер мен мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Авариялық құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізу үшін орындар анықталып, олар бойынша маршурттар белгіленді. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ішкі істер бөлімі, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, Отырар аудандық электр желілері, байланыс торабы, аурухана және басқа да тиісті бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу барысында барлық жауапты қызметтер өзара үйлесімді жұмыс атқарып, қыс мезгілінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға қарсы дайындықтарын пысықтады.
Құрылымдардың барлығы аудан әкіміне қысқа дайын екендіктерін жеткізді. «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың соңында аудан әкімі барлық құрылымдардың өкілдеріне қыс мезгіліне дайын болу қажет екенін айтып, азаматтық қорғау қызметі мен құрылымдардың жұмысына сәттілік тіледі.
Алдыңғы пост

ҚОС БІРДЕЙ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДІ» ҰЛҒАЙТУ, КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі