ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ИСЛАМ
Бүгін ауданда «Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері және ислам» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында өткен шараға аудан тұрғындары, АТТ мүшелері мен діни бірлестік өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты жастардың тәрбиесіне мән бере отырып отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасындағы әкенің рөлі, имандылық, үлкенге құрмет, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, керағар ағымдар жайында хабардар ету.
Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалымжан Сарсеков ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры, РАТТ мүшесі Медет Халықов, Дінитану және гуманитарлық ғылымдар магистрі Марат Ержігітовтер сөз алып, ел бірлігі, ата-баба дәстүрі, қасиетті Ислам дінінің құндылықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Жиында еліміздің зайырлылық ұстанымы, ұлттық салт-дәстүріміздің ислам дінімен сабақтастығы, елімізде тыйым салынған экстремистік-террористік діни ұйымдар олардың ерекшеліктері және қауіптілігі, ғаламтор арқылы лаңкестік пен экстремизм идеологиялары және басқа да түрлі жат пиғылды ағымдарға қарсы жастар арасында иммунитет қалыптастыру – маңызды міндет екендігі түсіндірілді.
Қатысушылар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Семинар соңында қатысушыларға Түркістан облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында дацйындалған кітаптар таратылып, арнайы сетификаттар табысталды.



