Шараның басты мақсаты — ауыл тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жинау және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Рейд барысында тазалыққа қатысты заңбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға экологияны қорғауға бағытталған арнайы нұсқаулықтар берілді.
Әкімдік аппараты мен полиция қызметкерлері ауыл маңындағы қоқыс тасталған жерлерді анықтап, оларды тазарту бойынша бірлескен жұмыстарды қолға алды. Сонымен қатар, экологиялық тәртіпті сақтамағандарға ескерту жасалып, заң талаптарын орындау қажеттігі еске салынды.
Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясының аясында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырудың жарқын үлгісі болды. Қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты сақтау бағытындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Экологиялық бастамалар тұрғындардың белсенді қатысуымен әрі бірлескен күш-жігер арқылы жүзеге асырылса, Балтакөл өңірінің табиғи сұлулығы мен экологиялық тазалығы сақталары анық.
Санитарлық талап нормаларын сақтамаған, көшеге бей-берекет күл-қоқыс тастаған 5 тұрғынға айыппұл салынды.Іс-шара аясында ауыл биі, ауыл имамы және қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.Сол жиында түсіндіру жұмыстары жүргізілді және рейдттік іс-шаралар бұдан кейін де жалғастырлатыны айтылды.





7