elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

УДАН ӘКІМІ ЕСКІ ИҚАНДА КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

30 ноября, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Қоғам
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
УДАН ӘКІМІ ЕСКІ ИҚАНДА
КӨШПЕЛІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Сауран ауданы тұрғындарының мәселелері бойынша көшпелі жеке қабылдау өткізілуде.
 Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан ауылдық округінің тұрғындарына көшпелі жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, жер, ауылдағы қаңғыбас иттерді аулау, 600 метр арықты бетондау, «Иқан-Тазалық» мекемесі ауыл тұрғындарымен келісім-шарт түзбей қаржы жинап жатқанын алға тартты.
 Сонымен қатар, суармалы жерлерге берілетін ағын суға субсидия беру, ауыл көшелеріне жол кедергілер салу, ауыл тұрғындары тарапынан жасалған балалар ойын алаңын, әкімдік атына өткізу, үй құжаттарын рәсімдеу, М.Жүсіп елді мекеніне тұрғын үйге жер беру, трансформатор орнату, тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыру, жол белгілерін орнату мәселелерін жеткізді.
 Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жеке қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалуына ықпал ететінін жеткізді.
Все реакции:

2121

Алдыңғы пост

САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2000-ҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ОБЛЫСТЫҚ «САУРАН КЕШІ КӨҢІЛДІ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі