Кездесу барысында тараптар Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы ынтымақтастық нәтижелерін талқылады. Екі ел өкілдері байланыстарды нығайтуға ықпал еткен бірлескен жұмыстың оң нәтижелерін атап өтті.Екі ел өкілдері арасындағы кездесу барысында бірлескен жұмыстың тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелер талқыланды. Тараптар түрлі салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын және бұл серіктестіктің екі ел үшін де маңызды екенін атап өтті.
Нұралхан Көшеров қытайлық серіктестерге екіжақты қатынастарды дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Хубэй провинциясының басшыларын Түркістан облысына сапармен келуге шақырды. Аймақтар арасындағы байланыстарды нығайту экономиканы дамытуға ғана емес, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.
