elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ПАРАҚTIMES» КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

3 декабря, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ПАРАҚTIMES» КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ «ПАРАҚTIMES» КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР
Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фараб» кітапханасында «ПарақTIMES» кітап жәрмеңкесі басталды. Онда Ұларбек Дәлейұлы, Ырысбек Дәбей, Ерлан Жүніс бастаған елімізге белгілі қаламгерлер, жергілікті зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, оқырмандар қатысып жатыр.
Ашылу салтанатында сөз алған Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев бұл жобаның маңызы зор екенін, соңғы кезлері жастардың кітап оқуға қызығушылардың артып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ осында өтіп жатқан челленджге қолдау танытып, «Фараб» кітапханасына бірнеше кітап сыйлады.
Шара барысында түрлі байқаулар өтіп жатыр. Жаңа кітаптар таныстырылуда. Оқырман қауым өлең оқып, өз өнерлерін көрсетуде. Қазіргі күнде еліміз бойынша 10-нан астам кітап дүкендері мен баспалары жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген. Олардың ішінде «Алқа», «Qasym» баспа үйі, «ХАНКОМИКС», астаналық «Шұғыла» баспа үйі, «Отбасы» хрестоматиясы, «Жебе» баспасы, «Қызмет» баспасы, «Кітаптар әлемі» кітап дүкені бар.
Ұйымдастырушылар жобаның атауы неден шыққанына тоқталды. «Кітап оқу – ең алдымен парақтаудан басталады. Қоғамның назарын осыған аудару. Кітап оқудан алшақтап қалған немесе оқуды енді бастамақ болып отырған адамға кітап оқы дегеннен гөрі, кітапты парақтап көріңіз деген ұсыныс жағымдырақ естіледі. Әр адам парақтау арқылы өзіне кітап әлемін ашады. Сондай-ақ, өмірдің әрбір күні жаңа парақ емес пе? Бүгінгі күніңізді кітап оқудан бастаңыз деген ұсыныстан шығады, – деді Бейсенкүл Нарымбетова.
Айта кетейік, жобаның мақсаты – жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, қала тұрғындары арасында кітап оқуды насихаттау, балалар арасында кітап оқуға деген құштарлықты қалыптастыру. Осы арқылы Түркістан қаласының интеллектуалды қала атанып, түркістандық мәдениеттің қалыптасуына үлес қосу. Баспагер, баспаханалармен қатар ақын-жазушыларды жәрмеңкеге қатыстыра отырып қазақстандық баспа саласының дамуына қолқабыс ету. Рухани астананың оң иммиджінің қалыптасуына ықпал ету.
Алдыңғы пост

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТӨРТ ОТБАСЫ ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Келесі жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі