elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӘСТҮРЛІ БРИФИНГІМІЗ ЖАЛҒАСУДА

4 декабря, 2024
in Аймақ, Саясат, Түркістан облысы, Қазақстан
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӘСТҮРЛІ БРИФИНГІМІЗ ЖАЛҒАСУДА
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ДЕПУТАТТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӘСТҮРЛІ БРИФИНГІМІЗ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысының түбегейлі саяси реформаларын өңірімізде және ауыл-аймақтарда іске асыруда мәслихаттардың орны айрықша екені белгілі. Сенім мандатына ие болған депутаттар мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауда, партиямыз айқындаған басымдықтарды іске асыруда және Сайлауалды бағдарламамызда қамтылған жоба-жоспарлардың орындалуын үйлестіруде атқарып жатқан жұмыстары туралы қоғам алдында есеп беру кездесулерін өткізуде.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы облыстық мәслихаттағы партиялық фракция мүшелерінің және аудан, қалалық мәслихаттар төрағаларының қатысуымен депутаттық қызмет туралы есеп беру брифингтерін жалғастыруда. Бұл жолы партиялық алаңға келген Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Нұржан Әшіров, Ғабиден Қапалбаев, Бегімбет Байғараев, Мағауия Тұрысбеков, Ғани Райымбеков, Динара Егамбердиева және Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы Бақдәулет Жұмабеков БАҚ өкілдерімен жүздесіп, атқарып жатқан жұмыстары мен көтерген бастамалары туралы мағлұмат беріп, журналистер қойған өзекті деген сауалдарға жауап берді, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Брифинг жұмысын Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Мағауи Тұрысбеков бастап, өзі жетекшілік ететін облыстық мәслихаттағы бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы жөнінде мағлұмат берді. Биыл аталған комиссияның 9 отырысы өтіп, 26 мәселе қаралғанын, оның ішінде облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының, Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің атқарған жұмыстары депутаттық корпус тарапынан таразыланып, облыстық бюджеттің атқарылуы қаралғанын мәлімдеді. Осы есептердің объективтілігін қамтуда уақытша депутаттық комиссиялар аудан, қалаларда жұмыс жүргізгенін айтты.
«2024 жылға арналған нақтыланған облыстық бюджет көлемі 6,2 млрд. теңгеге өсіп, жалпы 1 428,6 млрд. теңгені құрады», — деді Мағауия Сексанбайұлы. Бюджетті нақтылауға ұсынылған жобалардың қатарында денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанның құрылысына, халықты жұмыспен қамту шараларына, оның ішінде әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ғимаратын күрделі жөндеуге, мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға қосымша қаржы бағыттау, ауыл шаруашылығы саласындағы басымдықтарға қаржы бөлу, ауыз су жүйелерінің құрылысына, көпқабатты тұрғын үйлер салуға, инженерлік инфрақұрылым сапасын арттыруға, табиғи газ жүйелерін тартуға, көпірлер мен жолдарды қалпына келтіруге, тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға қаржы бөлу мәселелері депутаттардың ерекше бақылауына алынғанын жеткізді.
Түркістан облыстық мәслихатына Созақ ауданынан сайланған өкіл ретінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бегімбет Байғараев, Созақ ауданында биылғы жылы 21 нысанның құрылысын жүргізуге 6 808 млн. теңге қаралғанын мәлімдеді. Республикалық және облыстық бюджеттерден, Ұлттық қордан қаржыландырылған бұл жобалар құрылыстары өтпелі болған нысандарды аяқтау, әлеуметтік маңызы бар жобалар құрылыстарын жүргізуге бағытталғанын айтты.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер Созақ ауданындағы тұрғындар көтеріп жатқан өзекті мәселелерді қозғап, депутаттар тарапынан осы бағыттардағы бастамаларының барысы жөнінде сауалдар қойылды. Пікір алмасу барысында аудандағы су арналарының қазіргі жағдайы, сексеуіл екпелерін қорғау, оларды заңсыз кесуге жол бермеу, Қызылкөл аумағын қамқорлыққа алу мәселелері көтеріліп, осы ауданнан сайланған депутаттар сауалдарға жауап берді.
Депутат ең әуелі халық қызметшісі екенін Түркістан облыстық мәслихатына Түлкібас ауданынан сайланған депутат Динара Егамбердиева айтып өтті. Сайлаушылардың талап-тілегін тыңдауда аудандық және облыстық партиялық алаңдарда 16 қоғамдық қабылдау өткізгенін, 196 азаматтың өтініш-шағымдарын жеке бақылауына алғанын жеткізді. Азаматтар білдірген өтініштердің жартысына жуығы тиісті атқарушы мемлекеттік органдармен бірлесе оң шешімін тапқанын айтып, қалған шағымдардың орындалуын назарға алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ Шақпақ елді мекенін сапалы интернет байланысымен қамту мәселесі де өзекті екенін білдірді. Бұл мәселелердің шешімдерін табуда Парламент Мәжілісіне сұрау салғанын айтып, тұрғындар көтерген мәселені бақылауында ұстап отырғанын жеткізді. Азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдаулардың қорытындысымен 8 депутаттық сауал жолдағанын айтқан Динара Егамбердиева, тұрғындардың әлеуметтік сұраныстары мен бала құқықтарын қорғау мәселелерін ерекше қадағалауға алғанын айтты. Балалар құқықтарын қорғау омбудсменінің Түркістан облысы бойынша уәкілі міндетін атқаратынын айтып, балалардың құқықтарын қорғау – қоғамға жүктелген айрықша міндет екенін жеткізді. Әрбір баланың қолдау мен қамқорлықты сезініп, олардың ішкі әлемін есту, білу маңызды.
Брифинг барысында партиямыздың Сайлауалды бағдарламасын өңірімізде іске асыру жөніндегі Жол картасы тармақтарының орындалуына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Әшіров тоқталып өтті. Қазығұрт ауданынан сайланған Нұржан Сапабекұлы Жол картасы бағдарламасындағы басымдықтарға, оның ауданда орындалуы бойынша жұмыстарға тоқталды. Одан бөлек, өзі сайланған аумақ тұрғындарымен кездесу барысында негізінен олар көгілдір отын, электр бағаналарын ауыстыру, үй іргелік жер, елді мекендердің жол мәселесі, мектепке қатысты өтініштермен қатар, материалдық көмек көсрсетуді, тұрақты жұмысқа орналастыруды сұрайтынын атап өтті. Сандат иесі әрбір азаматтың мәселесін оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Қазіргі таңда Нұржан Сапабекұлының тікелей бақылауымен Тұрбат елді мекенінде бой көтеріліп жатқан Т.Тулла мектебінің қаржысы уақытылы аударылып, қазіргі таңда аталған мектептің құрылысы аяқталып,табысталғалы жатыр. Брифингте осы және басқа да атқарылған жұмыстар айтылды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғабиден Қапалбаев Бәйдібек және Сайрам аудандарындағы сайлаушылардың базынасын тыңдауда 7 қоғамдық қабылдау өткізіп, шалғай елді мекендерінде 6 кездесу өткізгенін жария етті. Барлығы 87 азаматтың мәселелерін тыңдап, 42 азамат көтерген сауалдардың оң шешілуіне үлес қосқан. Тұрғындардың талап-тілегін негізге ала отырып, 8 депутаттық сауал жолдағанын айтты. Мандат иесі азаматтар сұраныстарының негізінде Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекеніне газ тарту жұмыстарын бақылаудан өткізіп, жұмыс қарқынын арттыруға қозғау салған. Осы ауданның Жыланды елді мекеніне газ тарту бастамасы бойынша салалық мемлекеттік орган тарапынан бюджеттік өтінім жолданатыны айтылды. Ақтас, Амансай елді мекендерінде жаңа мәдениет ошақтарын салу бойынша жоба-сметалық құжаттар әзірленген. Осы және өзге де бастамалары жөнінде мағлұмат берген Ғабиден Заманханұлы, бұл жұмыстардың бәрі тұрғындар игілігі үшін атқарылғанын мәлімдеді.
Ордабасы ауданынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Райымбеков аймақтағы күрделі мәселелер бойынша жолданған депутаттық сауалдың барлығы да 100 пайыз шешімін тапқанын ерекше атап өтті. 16-ға жуық мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, салынып жатқан 6 мектептің 3-еуі жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін мәлімдеді. Одан бөлек аудандағы өзекті мәселе болып жүрген 3 ФАП-тың құрылысына да толық қаржы аударылып, шешімін тапқан.
Ордабасы ауданы мәслихатының төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, өзі жетекшілік ететін депутаттық корпус 18 өкілден тұратынын айтып, 3 тұрақты комиссия қызмет атқаратынын жеткізді. Мәслихаттың 11 сессиясы өтіп, оларда барлығы 43 мәселе қаралған. Сессия мәжілістерінде аудан әкімінің есебі, аудандық бюджеттің орындалуы, ауыл әкімдері мен аудан әкімдігі бөлім басшыларының жұмыс есептері, ауылдық округ әкімдіктері тарапынан бюджеттің орындалуы, тағы басқа аймақтың тыныс-тіршілігіне байланысты мәселелер сараланғанын мәлімдеді. Аудандық мәслихат депутаттары тарапынан 73 депутаттық сауал жолданып, оның 47-сі орындалғанын, 26-на заң талаптары бойынша түсіндірме берілгенін айтты. Мәслихат төрағасы ретінде 12 депутаттық сауал жолдап, оның 9-ы нақтылы орындалған.
Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Арыс өзені бойының жекеге өтіп кеткені, Бәйдібек ауданындағы беккер шұңқырының жеткіліксіздігі, балалар лагерлеріндегі интернет байланысының нашарлығы, Ордабасы ауданындағы электр бағаналарының ескіргені атап өтіп, аталған жұмыстарға депутаттардың қаншалықты әсер етіп жатқаны бойынша сауалдар қойды. Спикерлер барлық сауалдарға жан-жақты, нақты жауаптарын жеткізді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі