САРЫАҒАШ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 623 Жарлығына сәйкес «Алтан алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілерімен марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Осы ретте,аталған Жарлық аясында аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаштық көпбалалы аналарға мемлекеттік төсбелгілерін табыстады.
-Отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын өсіріп, тәрбиелеп отырсыздар. Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбеюі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Сіздерге мықты денсаулық пен отбасының амандығын, толағай табыстар мен жетістіктер тілеймі, — деп аудан әкімі көпбалалы аналарды қолдау жалғаса беретінін жеткізіп, ауданымыздағы 7 анаға «Алтын алқа» және 8 анаға «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгісімеен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кетсек, 2024 жылдың 10 айында көпбалалы аналардың 112-сіне «Алтын алқа», 365-сіне «Күміс алқа» мемлекеттік төсбелгілері, жалпы 477алтын құрсақты аналар марапатталған. Сонымен қатар, биыл 3662 бала дүниеге келген.
Аналарға арнайы сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шарада балалар ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Бұл күн көпбалалы отбасылар үшін ерекше қуаныш пен мейірімге толы болды.
Мемлекет көпбалалы отбасыларды қолдау үшін бірқатар бағдарламаларды іске асырып келеді. Әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерден бөлек, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балабақша мен білім беру мекемелерінде жеңілдіктер ұсыну сияқты шаралар жүзеге асырылуда.
Алтын құрсақты аналар – қоғамның тірегі, халықтың рухани және мәдени мұрасының сақтаушылары. Оларды құрметтеу – біздің борышымыз. Мұндай шаралар қоғамдағы аналардың беделін арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізеді.