elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

7 декабря, 2024
in Аймақ, Мәдениет, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ПЛЕНУМЫ ӨТТІ
Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстан: Ғасырлар ғұламалары мен Қазақстан қаламгерлері» атты көшпелі пленумы өтті. Жиынға еліміздің белгілі жазушы-ақындары, әдебиеттанушылар, ғалымдар және жастар қатысты.
Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Мереке Құлкенов жиынды ашып берді. Қазақстан Жазушылар одағының атқарған қызметі, көшпелі мәжілістің мақсаты жайлы сөз қозғады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз алып, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қаламгерлерге деген ыстық сәлемін жеткізді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Шерхан Талап министр Аида Балаеваның құттықтауын жеткізді.
Көшпелі жиын барысында спикерлер түрлі тақырыпта баяндама жасады. Атап айтсақ, жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы тарихи шежірелерге үңіліп, тың деректерді ұсынды. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Қазақ газеттері» серіктестігі бас директорының кеңесшісі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жүсіпбек Қорғасбек «Қазақ әдебиетін әлемге танытудың алтын қақпасы», Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қасымхан Бегманов «Ғұламалар, заманалар, жылдар: ақын-жазушылардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облысындағы өкілі Серік Елікбай «Әділетті Қазақстан: Әулие Мәшһүр феномені», дінтанушы ғалым, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан мен Орта Азия тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек «Қазақ халқының рухани-мәдени болмысының қалыптасуына Қожа Ахмет Йасауи ілімінің ықпалы» тақырыптарында баяндама жасады. Ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Өтеген Оралбаев та Түркістан руханиятына қатысты келелі ой қозғады.
Жиын барысында қазақ ғұламаларының идеялары мен бүгінгі қаламгерлердің шығармашылығы арасындағы сабақтастық, ұлттық рухани жаңғыру және әділетті Қазақстан құру жолындағы әдебиеттің маңызы туралы пікір алмасулар өтті. Жарыссөзде бірнеше қаламгер өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Пленум аясында кітап көрмесі ұсынылып, шығармашылық жобалар таныстырылды. Концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Жалпы бұл шара ұлттық әдебиеттің тарихи және заманауи аспектілерін зерделеуге арналған маңызды диалог алаңына айналмақ.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАҒЫТТА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі