elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

7 декабря, 2024
in Түркістан облысы, Экономика, Әлеумет, Өнеркәсіп
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Түркістан облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды шаралар жүзеге асып келеді. Бүгінде ірі мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, Жібек жолы ауылдық округіндегі «Бес қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. Ауданда ірі малды бордақылау алаңы мен мал сою бекетін ашу жұмысы қолға алынған. Ол сарыағаштық кәсіпкердің жеке қаржаты есебінен жүзеге асырылады. Кооператив жылына 15 000 бас уақ мал бордақылауды көздеуде. Мал бордақылау алаңы 6 гектарды құраса, жоба құны – 1 млрд. теңге. Мұнда 25 адам жұмыспен қамтылып, тұрақты жұмыс істейді.
Аталған жоба аймақтың ішкі нарығына ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Мал бордақылау алаңшасы мен мал сою цехы өңірдің ет өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Өңір басшысы ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп жатқанын айтып, мемлекеттік қолдауларға тоқталды. Сондай-ақ шаруаның жұмысына сәттілік тіледі. Одан соң «Бес қара» ЖШС-нің ІҚМ және уақ мал сою бекетіне барды. Бұл бекет тәулігіне 128 ірі қара мал және 600 бас уақ мал союға қауқарлы. Жоба құны 1,2 млрд теңгені құрайтын мал сою бекеті 1 га аймақты алып жатыр. Мұнда ауылдық округтегі жергілікті 40-қа жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Өңір басшысы сапар соңында «Бес қара» ЖШС-нің көлік-логистикалық орталығында болып, құрылыс барысын көрді. Бұл орталық тәулігіне 300 жүк көлігін қабылдауды жоспарлап отыр. Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрайтын орталық 5 гектарға орналасқан. 50 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Облыс әкімі жобаның ауқымдылығын жоғары бағалап, ауданның ғана емес, өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға және ет өндірісін арттыруға тигізер ықпалына тоқталды. Жауапты басшыларға осы саланы дамытып, кәсіпкерлікті қолдауды тапсырды.
Айта кетейік, Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада бірінші орында тұр. Экспорттағы ірі қара мал етінің 80%-ы, яғни, 6,9 мың тоннасы, қой етінің 75%-ы өңірге тиесілі. 10 айда облыстан 4,7 мың тонна қой еті экспортталған.
Облыс әкімі аудандағы «Сұңқар» ЖШС-нің зауытың да жұмысымен танысты. Өндіріс орны 2022 жылы құрылған, жоба құны – 700 млн теңге. Шарап өндірумен айналысатын кәсіпорында 50-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Өңір басшысы кәсіпкермен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН 2 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі