elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Қазақстан

2027 жылға дейін Қазақстанда 180 жаңа ауыл мектебі салынады

7 декабря, 2024
in Қазақстан
0
2027 жылға дейін Қазақстанда 180 жаңа ауыл мектебі салынады
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
2027 жылға дейін Қазақстанда 180 жаңа ауыл мектебі салынады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және педагогтарды тарту шаралары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді қолдау және жабдықтау мәселелері бойынша баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдерінің есебі тыңдалды.
Бүгінде еліміздегі мектептердің 67%-ы ауылдық жерлерде орналасқан, онда мектеп жасындағы балалардың шамамен 40%-ы білім алады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2022 жылдан бастап білім сапасын арттыру мақсатында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Қазіргі уақытта 135 білім беру мекемесі желісі құрылып, 4665 заманауи жабдықталған кабинет жасалды. 2025 жылы жобаға тағы 56 ұйым қосылып, 1935 кабинет жаңартылады.
Премьер-министр ауылдық жерлердегі мектептерді дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығының бірі екенін атап өтті. Мектептердің жағдайы ауылдың тағдыры мен халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді.
«Мемлекет басшысы ауыл мектептерін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2027 жылға дейін 180-ге жуық мектеп салу жоспарланған. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қоса алғанда, 42 ауыл мектебі пайдалануға берілді. Соңғы үш жылда ауылдарда 2,5 мыңға жуық мектеп жаңғыртылды. Оқыту жағдайларын жақсарту және жайлы орта құру мақсатында 800-ден астам мектепті қайта жаңарту жүргізілуде. Сондай-ақ ауыл мектептері үшін 4 мыңнан астам пән кабинеті сатып алынды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне жыл соңына дейін өңірлерге Мектептерді қайта жаңартудың бірыңғай талаптарын ұсынуды тапсырды.
Ауылға білікті педагогтерді тарту мақсатында Үкімет тарапынан бірқатар ынталандыру шаралары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, лауазымдық жалақыға 25% мөлшерінде қосымша ақы көзделген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген педагогтерге көтерме жәрдемақы төленеді, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға тиімді несиелер беріледі.
Білім беру саласында жеке сектордың және қоғамдық қорлардың қатысуымен сәтті іске асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударылды. Мысалы, «Білім-инновация» қоры Алматы облысының 42 ауылдық мектебінде нақты пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру жобасын іске асырды. Премьер-министр Ақтөбе облысында тірек және шағын жинақталған мектептерді жарақтандыру нәтижелеріне назар аударды – бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 1 млрд 800 млн теңге бөлген. Педагогтердің біліктілігін арттыру және заманауи ресурстармен жарақтандыру есебінен тірек мектептердің тәжірибелі мұғалімдері шағын комплектілі мектептердің оқушыларына сабақ береді. Нәтижесінде тірек мектептер шағын мектептердегі білім беру деңгейін көтергені атап өтілді. Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін өңір әкімдерімен бірге Ақтөбе облысының тәжірибесі негізінде кемінде 200 тірек мектептер желісін құруды және шағын комплектілі мектептердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ Үкімет отырысында мектептердің жағдайы туралы статистика айтылды. Бүгінгі таңда үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы ауылдық жерде – көпшілігі Алматы және Түркістан облыстарында орналасқан. Апатты жағдайдағы мектептердің 76%-ы да ауылдық елді мекендерде. Олар негізінен Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында. Олжас Бектенов ауыл мен қала мектептерінің арасындағы оқыту сапасының, әсіресе, математика, физика және шет тілдері бойынша біліктілігі жоғары мамандардың тапшылығынан туындаған алшақтықты қысқартудың маңызына назар аударды.
Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігіне әкімдермен бірлесіп, ауыл мектептері мұғалімдерінің біліктілік деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай шалғай өңірлерді ерекше назарға ала отырып, ауыл мектептерін жылдамдығы жоғары интернетке қосуды аяқтау қажет. Өңір әкімдеріне әртүрлі үйірмелер мен секциялардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың қыркүйегіне дейін мектептен тыс ұйымдардың комьюнити-орталықтарын немесе филиалдарын ашу жөніндегі жұмысты аяқтау міндеттелді.
Алдыңғы пост

ХУБЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САУДА ӨКІЛДІГІНІҢ РЕСМИ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі