elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

7 декабря, 2024
in Түркістан облысы, Экономика
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен кеңінен танысты. Ең алдымен облыс әкімі ауданның индустриалды аймағында орналасқан тамшылатып суғаруға қажетті құрал-жабдықтарды және тұқымдық шитті өндіретін «BEGASH» ЖШС-на қарасты қос бірдей зауыттың құрылыс жұмыстарын көрді. Тамшылатып суғару таспасын шығаратын зауыттың құны 1,5 млрд. теңгені құрап, 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтиды. Ал мақта тұқымын өңдеу зауытының құны да 1,5 млрд. теңгені құрап, 17 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі жоба да 2025 жылы іске қосылады деп межеленген.
– Индустриалды аймақтың жұмысын жандандыру керек. Жаңа жобалармен толықтырыңыздар. Су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Мақта сортын жақсарту, сапасын көтеру мәселесі де өзекті. Ауданның даму жоспары жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындарын көбейту керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысы индустриалды аймақта мақтааралдық шаруалар мен шаруа қожалықтарының төрағаларымен кездесті. Ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамыту жолдары айтылып, мемлекеттік қолдаулар туралы мағлұматтар берілді.
Ауданның индустриалды аймағынан жақында ғана Орталық Азияда бәсекеге қабілетті «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты ресми түрде іске қосылған болатын. Кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Бүгінде зауыттың Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы 13 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Жиын-терім науқаны басталғалы 41 мың тонна ақ алтын жинап үлгерген. Зауыт қазіргі таңда шитті мақтаны өңдеп, одан мақта талшығын, мақта шитін, мақта линтін және улюк өнімдерін шығарып, тікелей Қытай, Түркия, Еуропа, Тәжікстан, Иран, Қырғызстан елдеріне экспорттауда.
Мақтаарал ауданының индустриалды аймағының жалпы жер көлемі 24,2 гектарды құрап, қазіргі таңда жалпы 5,45 млрд теңге көлемінде 4 инвестициялық жоба іске асырылған. Алдағы уақытта 2 млрд. теңге көлемінде тағы 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2025 жылы іске қосылмақ.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

Келесі жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі