elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

11 декабря, 2024
in Аймақ, Мәдениет, Таным, Түркістан облысы
0
«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
  «ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Сауран ауданы білім бөлімі қарасты Жаңа Иқан ауылдық округі «Ұлықбек»атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру » тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Әсілбек ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып келген қонақтарды таныстырды.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Р.Әсілбек, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зеттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Е.Ештай, Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының бас маманы Н.Оспанов қатысты.
Кездесу барысында сөз кезегін алған Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зеттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Е.Ештай, Деструктивті діни ағымдар әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталып жатқан кереғар ағымдардың ерекшеліктері мен теологиялық өзгешеліктерін атап өтті. Мекеме қызметкерлеріне деструктивті ағым өкілдерінің іс-әрекеттері және де олардың формалары жайында мол мағұлмат берді.
Кездесу барысында сөз кезегін алған Түркістан облысы “Қоғамдық келісім” КММ-нің Сауран аудандық филиалының бас маманы Н.Оспанов дін азамат баласын игілік пен ынтымаққа шақырушы екенін, қоғамға және адам өміріне зиян тигізіу дінге жат екенін жеткізді. Дін адамды ұлтына бөлмей бүкіл қоғам үшін бүкіл қоғам үшін ортақ екенін айтты. Қоғамдағы ынтымақтастық пен татулықта діннің алар орны ерекше екенін түсіндірді.
Бүгінгі таңда елімізде мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне негізделіп, жаңа модель арқылы дамып отырғандығын, дініміз қазақстандықтардың ар, сана, жүрек тазалығын қамтамасыз етіп, біліктілігін, сауаттылығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды қорғауға және сақтауға жетелейтінін жеткізді. Өйткені қазақ халқының ұлттық құндылықтары Ислам мәдениетімен тығыз байланысты екендігін Е.Ештай, айтып өтті.Және бұл туралы Президентіміздіңде тапсырмасы бар екенінде ұмытпайық.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев деструктивті діни ағымдар мен радикализмге қарсы күрес мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Мемлекет басшысы еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтардың рухани тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар мен шаралар қабылдауды тапсырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және оларға қарсы күрес жұмыстары күшейтілді. Бұл мәселе әсіресе, жастардың радикалдануына жол бермеу үшін ерекше маңызды болып табылады. Президенттің айтуынша, радикализмге қарсы тиімді саясат жүргізу үшін қоғамдық және мемлекеттік деңгейде бірлесе әрекет ету қажет.

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу

Президенттің тапсырмаларының бірі – жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау. Бұл үшін жастар арасында діни білім беру мен дұрыс түсініктерді қалыптастыру маңызды. Президент оқу орындарында діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бойынша арнайы бағдарламалар енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, деструктивті ағымдардың әсеріне түсіп кеткен тұлғаларды қайта әлеуметтендіру мен түзету жұмыстары ұйымдастырылады.

Діни экстремизммен күрес жүргізу

Президент мемлекеттік органдарға діни экстремизмнің таралуына қарсы кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл үшін арнайы мемлекеттік бағдарламалар, діндер мен конфессиялар арасындағы келісімді нығайтуға бағытталған шаралар қабылданады. Мемлекет басшысы дін саласындағы бақылауды күшейтіп, діни білім беруді тек ресми тіркелген діни оқу орындары арқылы жүзеге асыруды тапсырды.

Қоғамдық ынтымақтастықты нығайту

Президент деструктивті діни ағымдарға қарсы күресте қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды. Ол үшін мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдар арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнату, өзара ақпарат алмасу, әрі деструктивті діни ағымдар туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін атап өтті.

Президенттің тапсырмалары қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыруға, радикализм мен экстремизмнің алдын алуға және Қазақстанның көпконфессиялы қоғамында тыныштықты сақтауға бағытталған.

Жиын барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға жауап берілді.
Алдыңғы пост

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАН ӘКІМІ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі