elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ.

13 декабря, 2024
in Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ.
Түркістан облысында 1640 гектарға орналасқан 3366 жылыжай бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген талдаудың нәтижесінде, өңірде бүгінге дейін көмір тапшылығы анықталмады.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін тәуекелдер сараланды.
Жиында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жылыжай шаруашылықтарының жылыту шығындарын субсидиялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 29,4 гектар — өндірістік, 863 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілген.
Жиында «Hermes» ЖК басшысы Әлішер Насыров көмір тасымалы барысында теміржол тұйықтарына қатты отынның көрсетілген көлемі нақты жеткізілмеу деректері орын алатынын айтып өтті.
Нұрбол Тұрашбеков өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші кәсіпкерлердің уәждерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.
— Бізге жүктелген ортақ міндет — тұтынушыға тапсырыстың түгел және кешікпей жеткізілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» АҚ өңірлік филиалдарына станциялардағы күзет қызметін күшейтуді ұсынамын. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларының санын арттырған жөн. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өз құзіреті шегінде теміржол тұйықтарына жеткізілетін қатты отынның көлемі мен сатылуына кешенді бақылау жүргізу ұсынылады. Бақылау қорытындысымен заң аясында нақты шаралар қабылданатын болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Жиын соңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына өңірдегі қатты отын тасымалы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, күнделікті мәлімет ұсыну жүктелді.
Алдыңғы пост

ИАССЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ОҢ СЕРПІЛІС БАР.

Келесі жаңалық

Қытайлық кәсіпкерлермен келіссөз жүргізілді: Жаңа кірпіш зауыты құрылмақ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі