elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Білім мен ғылым

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖЕТІЛДІРУДЕ.

18 декабря, 2024
in Білім мен ғылым
0
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖЕТІЛДІРУДЕ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖЕТІЛДІРУДЕ.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды.
Бұл ретте, Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне талдау жүргізу арқылы қызметтердің сапасын дамыту, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша толық іске асыру және қызмет көрсетушілер қызметінің тиімділігін арттыру үшін тұрақты түрде ұсыныстар енгізеді.
Аталған талдау мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру, оның ішінде құқықтық реттеу, оңтайландыру және автоматтандыруға бағытталған.
Жалпы, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру бойынша 200-ге жуық ұсыныстар енгізілген.
Өз кезегінде, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларымен ұсынылатын саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысына сәйкес биологиялық негіздеме бойынша беріледі.
​Түркістан облысы бойынша 2024 жылға 312 қасқыр, 856 шибөрі реттеу шегі белгіленген.
Мысалы, аталған мемлекеттік қызмет сұранысқа ие болғандықтан, қасқыр мен шибөріні аулауға арналған реттеу шегі (лимит) 1 ай көлемінде таусылуда.
Дегенмен, қызмет алушылар лимит санының бітуінен хабарсыз болуына байланысты қызмет берушіге жыл бойы өтінімдерді үздіксіз жолдауда.
Бұл тұста, Инспекцияның жауапты маманы лимит саны бітсе де, келіп түскен өтініштерді өңдеп, жауап беріп, жұмыс уақытын тиімсіз пайдалануда.
Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру мақсатында, жануарларды аулауға берілген лимит санының таусылуымен аталған мемлекеттік қызметке өтінімді беру мүмкіндігін Порталда автоматты түрде тоқтатылуы бойынша жұмыстар жүргізу бойынша ұсыныс жолданды.
Нәтижесінде, аталған ұсыныс қолдау тауып, заңнамаға және ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізілді.
Осы секілді сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру аясында тиісті жұмыстар Департамент тарапынан тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 2 ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК БЕКЕТ АШЫЛДЫ.

Келесі жаңалық

Апталық мәжілісте жыл қорытындысы мен бюджеттің орындалуы талқыланды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі