


КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
2024 жылғы 17 желтоқсанда Сауран аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы С.Байсбаев төрағалық етті.
Бірлескен тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Е.Жангазиев, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, КММ және МКК басшылары қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша сайланған Сауран аудандық мәслихатының депутатын сайлау қорытындысы туралы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Казиханов Мейрхан Сейтханұлы №7 бірмандаттық сайлау округі бойынша сайланған Сауран аудандық мәслихатының депутаты Боханов Сұлтанбай Серикбаевичті таныстырды.
2. Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы. Баяндамашы: Тажыбеков Нұрғазы Байғазыұлы – Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;
3. Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы №152 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Баяндамашы: Тажыбеков Нұрғазы Байғазыұлы – Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы;
4. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №100 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Мырзахметов Ильяс Сұлтанғалиұлы – Сауран аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
5. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №110 «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы: Мырзахметов Ильяс Сұлтанғалиұлы – Сауран аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
6. «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы». Баяндамашы: Мырзахметов Ильяс Сұлтанғалиұлы – Сауран аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
7. «2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы». Баяндамашы: Мырзахметов Ильяс Сұлтанғалиұлы – Сауран аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
8. Сауран аудандық мәслихаты төрағасының аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың жолданымдары бойынша қабылданған шаралар және аудандық мәслихат аппаратының қызметі туралы есебі. Баяндамашы: Байсбаев Сержан Ермекбайұлы – Сауран аудандық мәслихатының төрағасы;
9. Сауран аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2024 жылы атқарған қызметтері жөніндегі есептері туралы.
Баяндамашылар:
1) Мустапаев Ержан Хабибуллаұлы – аудандық мәслихаттың Бюджет, экономикалық даму, сәулет, құрылыс және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;
2) Оразбеков Серікбай Орынбекұлы – аудандық мәслихаттың Кәсіпкерлік және аграрлық саланы дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;
3) Елеуов Ерсұлтан Рүстемұлы – аудандық мәслихаттың Білім, ғылым, денсаулық сақтау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қоғамдық қауіпсіздікті, депутаттық этика, ұйымдық қызметті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы;
4) Шарапов Хуршид Бахтиярұлы – аудандық мәслихаттың Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, мәдени даму, жастар ісі, спорт, тарихи мұраларды қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
10. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №2 «Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатында депутаттық фракцияны тіркеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Баяндамашы: Сейтханов Мақсат Мұстапаұлы – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының басшысы;
11. Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №6 «Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. Баяндамашы: Сейтханов Мақсат Мұстапаұлы – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының басшысы;
12. Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы. Баяндамашы: Сейтханов Мақсат Мұстапаұлы – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының басшысы;
13. Сауран аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы. Баяндамашы: Сейтханов Мақсат Мұстапаұлы – Сауран аудандық мәслихаты аппаратының басшысы.
Бөлім және мекеме басшыларының мәлімдемелерін тыңдай келе, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан тиісті сұрақтар мен ұсыныстар беріліп, шешімдер қабылданды.