elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.

28 ноября, 2024
in Түркістан облысы, Экономика
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
– Түркістан облысы республикада мақта өсіретін жалғыз аймақ. Биыл 106 мың гектарға мақта егілді. Дегенмен, дәстүрлі әдісті қолданғандықтан оның өнімділігі де төмен болып отыр. Енді заманауи суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды. Яғни, мақта өсіруден бастап жіп, мата және киім сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейін қамтылады. Түркістан қаласында мақтаны терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы басталды. Жоба құны — 147 млрд. теңге. Зауытта 4 000-нан астам жұмыс орны ашылады, – деді Дархан Сатыбалды.
Жалпы өңірде мақта кластерінде 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Толық іске қосылғанда 40 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 50 мың тоннаға жуық дайын өнім өндіріледі. Бюджетке миллиардтаған салық түседі. Мақта өнімділігі 3 есеге дейін артып, өнімділік көрсеткіші гектарына 70 центнерге жетеді деп межеленіп отыр. Аймақта мақта егуде су үнемдеу технологиялары қолданылуда.
Мақталы аймақтарда егістікті әртараптандыру бағытында да жұмыс басталған. Аймақта жүгеріні терең өңдейтін «Крахмал-сірне» зауыты салынуда. Жоба құны – 36 млрд.теңге. Жоба толық іске қосылғанда жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеуге мүмкіндік береді. 550 жаңа жұмыс орны ашылып, жүгеріден 26 түрлі өнім шығарылады деп күтіліп отыр.
Алдыңғы пост

ОТЫРАР АУДАНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Келесі жаңалық

ЕТ ЭКСПОРТЫНАН БІРІНШІ ОРЫНДА ТҰРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АУСТРАЛИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ДАМЫТПАҚ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі