elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАР АУДАНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

28 ноября, 2024
in Аймақ, Спорт, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам
0
ОТЫРАР АУДАНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АУДАНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Ауданда еңбек ардагері Есіркеп Сейталыұлын еске алуға арналған Еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ол өз сөзінде: «Баршаңызға белгілі, мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаев спортты дамытуға, салауатты өмір салтына айрықша мән береді. Осы орайда өркениеттің ордасы саналған бүгінгі Отырарда Президентіміздің саясатын насихаттап, ұлт саулыған қалыптастыруға бағытталған шаралар жалғасын тауып келеді. Бүгінгі спорттық шара да осы мақсатта шаралардың жалғасы деп білемін. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін!»-деді.
Сондай-ақ, әке ісін жалғастырып, ұрпақтарына өнеге етіп жүрген Бақыт Есіркепұлы халықтың сенімін арқалаған айтулы азаматтың есімін ардақтап, турнир өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Одан әрі турнир жалауы көтеріліп, спортшылар шаршы алаңда сайысқа түсті. Жарысқа Шымкент, Түркістан, Кентау, Арыс, Жетісай қалалары мен Шардара, Келес, Бәйдібек, Сарыағаш, Бәйдібек, Сауран, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Созақ аудандарынан келген жалпы 400-ден аса жас палуандар қатысты.
Сейталиев Есіркеп 5 мамыр 1944 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Шәуілдір Қаракөл қой совхозы Шеңгелді бөлімшесінде шаруа отбасында дүниеге келген.
1964-1997 жылдар аралығында жүргізуші, автодүкен меңгерушісі, Көксарай, Ақтөбеде сауда бөлімінің директоры болып, өзінің туа біткен дарын қабілетімен, халыққа абыройлы қызымет ете білді. 1996-1997 жылдары Шеңгелді бөлімшесінің басшылығын қолға алған Есіркеп Сейталиев халықтың әл-ауқатын көтеруде уақытпен санаспай жемісті еңбек етеді. Осы кезеңде тәжірибелі де білікті басшы егіншілік пен малшаруашылығын дамытуда ауылға ағын су қажеттігін сезінеді. Осы су қажеттілігін шешу мақсатында жоғарғы тиісті орындарға мәселе қояды.
Содан 1999 жылы елді мекенді суландыру жүйесін өзі қолға алып, «Есіркеп канал» су пайдаланушылар өндірістік кооперативін құрады. Сөйтіп Сырдария өзенінен бастау алатын 2500 га жерді суландыру мақсатымен ұзындығы 35 км канал құрылысын бастап, аталған каналды түрлі кедергі қиыншылықтарға мойымай бойына біткен қайсарлық мінезінің арқасында 1998 жылы су әкеліп жерді суландырады.
Оның осы ел алдындағы еңбегі ескерусіз қалмайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігінің Су қорлары жөніндегі Комитетінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі №71-П бұйрығымен «Арал-Сырдария» Кеңесі құрылып, осы құрылған кеңестің мүшесі болып енгізіледі.
Өмірінің соңына дейін елге адал қызмет етіп, халықтың алғысын арқалаған азаматтың өнегелі өмірі мен есімін ұлықтау мақсатында өткен облыстық турнирдің қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Алдыңғы пост

ШАТТЫҚҚА БӨЛЕГЕН ШАНШАР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі