elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«BASTAU TALKS»: ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫМЕН ЖӘНЕ ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ.

5 декабря, 2024
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
«BASTAU TALKS»: ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫМЕН ЖӘНЕ ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«BASTAU TALKS»: ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫМЕН ЖӘНЕ ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ.
Бүгін Түркістанда «Bastau Talks» қоғамдық лекциясы өтті. Облыс жастары елімізге белгілі блогер-экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевпен және белгілі тележүргізуші, бүгінде Астана қалалық мәслихатының депутаты Ләйлә Сұлтанқызымен, сонымен қатар Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлымен кездесті. Кездесу барысында спикерлер бірқатар келелі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, жауап алды. Түркістанға арнайы келген спикерлер жыл басынан бері өз саласында елеулі еңбегімен көзге түскен үздік жастарды марапаттады. Жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев пен «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің басшысы Гүлнұр Қыпшақбаева модераторлық етті.
Алдымен «Жастарды шабыттандыру – болашаққа жол» тақырыбында Дәулет Мұқаев кездесу өткізді. Жастарға қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы мен дұрыс жоспар құру арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатынын түсіндірді. «Жеке және отбасы бюджетін басқаруды үйренбейінше, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу қиын. Ақшаны дұрыс инвестициялап, пассивті табыс көздерін құру әр адамның болашағын қауіпсіз етеді. Заманауи технологиялар мен цифрлық платформаларды дұрыс пайдалану – табысқа жетудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ешқашан тоқтамаңыздар, үнемі ізденісте болыңыздар» деді ол. Сондай-ақ, кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарында кездескен қиындықтары мен оларды еңсеру жолдарын айта отырып, жастарды жаңашылдыққа және үздіксіз дамуға шақырды.
Аталған кездесуге қатысқан Әзімбек Пазылбекұлы жастарды болашаққа сеніммен қадам басуға шақырып, жас ұрпаққа қолдау көрсету – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі екенін атап өтті. «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олар заманауи білімді игеріп, өз қабілеттерін толық іске асырғанда ғана еліміздің дамуына үлкен үлес қоса алады. Осындай шаралар арқылы біз Түркістан жастарының әлеуетін одан әрі арттырып, олардың жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге дайынбыз» деді қала әкімі.
Жиынның келесі тақырыбы – «Әйел қуаты – қоғам құндылығы». Әйелдердің қоғамдағы орны, олардың жетістікке жету жолындағы тәжірибесі мен табандылығы арқылы жастарға мотивация беру мақсатында танымал тележүргізуші, журналист, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызымен кездесу өтті. Қазіргі заман жастарының, әсіресе әйелдердің, қоғамдағы белсенді рөлі туралы айтты.
– Әрбір қыз бала өз күшіне сеніп, үлкен мақсаттарға ұмтылуы тиіс. Ешкімге тәуелді болмау үшін алдымен білім алып, өз ісіңнің шебері атану қажет. Қоғамның дамуы әр адамның өз-өзіне жауапкершілік алуынан басталады. Шынайы күш – рухтың мықтылығында. Қанша қиын болса да, ешқашан берілмеңіздер, әрқашан алға ұмтылыңыздар, – деді. Сондай-ақ өзінің өмір жолындағы қиындықтары мен жетістіктерін баяндап, жастарды өмірдің әр кезеңінде өздерін дамытып, білім мен еңбекке ден қоюға шақырды.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘСІЛІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі