elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

11 АЙДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 4 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ.

23 декабря, 2024
in Uncategorized
0
11 АЙДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 4 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
11 АЙДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 4 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСТЫ.
2024 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Алдын ала есеп бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,3 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 109,8%-ды құрады. Экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалды басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өзіндік кірістерді ұлғайту, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма берді.
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша (өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, көлік және байланыс) жоспарға қол жеткізу мақсатында жұмыс жүруде. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 078,6 млрд теңгені құрап, өсім 109% деңгейінде қалыптасты. Өсім негізінен оң үрдісі тау-кен – 105,8%, машина жасау – 110,8%, тамақ өнімдері – 103%, жиһаз өндірісі – 164,5% салалары есебінен орындалды.
Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 006,1 млрд. теңгені құрап, өсім 104,5% деңгейінде қалыптасты. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көшбасшы. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1064,7 млрд. теңгеге жетіп, өсім 125,5%-ды құрады. Құрылыс жұмыстары көлемі 379,2 млрд. теңгені құрап, 31%-ға артты. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 21,3%-ға өсіп, 1035,0 мың шаршы метрді құрады.
Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан, қалалардың экономикалық даму өсімін қамтамасыз ету бойынша 2024-2030 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Оған тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, 2025 жылдан бастап аудан, қалалар әкімдіктері бойынша рейтинг әзірленеді.
Алдыңғы пост

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі