elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ӘЗІРЛЕНДІ.

28 октября, 2024
in Аймақ, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ӘЗІРЛЕНДІ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ӘЗІРЛЕНДІ.
Түркістан облысы, Арыс қаласында өндіріс орындары көбейіп, инвестиция көлемі артады. Ауыл шаруашылығы, логистика салаларында да маңызды жобалар жүзеге асады. Бұл жоспардың бәрі Арыс қаласының 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясына енгізілді. Аталған құжат облыс әкімдігінде өткен арнайы мәжілісте таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының транзиттік, логистикалық және өндірістік әлеуетін толық пайдалану керектігін айтты.
– Даму стратегиясындағы әрбір жоспар мен индикаторлар орындалуы тиіс. Тұрақты қадағаланады. Инвестиция көлемін ұлғайту маңызды. Келіссөздер жүргізіп, жұмыс орындарын көбейтетін жобаларды жүзеге асырыңыздар. Арыстың мүмкіндігі жоғары. Жақсы бастамалар бар. Нәтиже күтемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, 9 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнімнің көлемі 38,5 млрд. теңгені құрады.
Ұсынылып отырған даму жоспарына сәйкес 2030 жылға дейін Арыста өнеркәсіп өндірісі 12,6 млрд. теңгеден, 35,8 млрд. теңге жетіп, 3 есеге дейін өседі деп күтіліп отыр. Өңдеу өнеркәсібі 20,4 млрд. теңгеге жетіп, 2,5 есеге дейін өссе, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5 млрд. теңгеге жетіп, 1,5 есеге дейін өседі деген жоспар бар. Сауда көлемін 30,2 млрд. теңгеге, яғни, 2 есеге дейін өсіру көзделген. Ал ауыл шаруашылығы көлемін 74,8 млрд. теңгеге жеткізіп, 2,5 есеге дейін өсіру межеленген. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім 72,2 млрд. теңгеден 170,7 млрд. теңгеге жетіп 2,4 есеге дейін өседі деген жоспар бар.
2030 жылға дейін Арыста жалпы құны 386,1 млрд. теңгеге құрайтын 166 инвестициялық жобаны іске асырып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығында 59 жоба жүзеге асырылып, 1843 жаңа жұмыс орны құрылады. Су үнемдеу технологияларын ендіруде 4 жоба іске асып, 105 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Өнеркәсіп саласында – 49 жоба, құны 135,6 млрд. теңге (1607 жаңа жұмыс орны), ал білім және денсаулық саласында 22 жоба жүзеге асып, 685 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
Қалаға 107,4,0 млрд. теңгеге дейін инвестиция тартылып, жылдық инвестиция көлемі 4 есеге дейін өседі деген меже қойылған. Аймақта резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар ашылады. Машина жасау, тамақ өнімдері, құрылыс заттары мен басқада өнімдер, мұнай-химия, көкөніс және жеміс-жидек өңдеу бойынша жобалар жүзеге асырылады.
Алдыңғы пост

«TURKISTAN MARATHON» МАРАФОНЫНА ӘЛЕМНІҢ 40 ЕЛІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

«TURKISTAN MARATHON» МАРАФОНЫНА ӘЛЕМНІҢ 40 ЕЛІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі