elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«TURKISTAN MARATHON» МАРАФОНЫНА ӘЛЕМНІҢ 40 ЕЛІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

27 октября, 2024
in Басты жаңалықтар, Спорт, Түркістан облысы
0
«TURKISTAN MARATHON» МАРАФОНЫНА ӘЛЕМНІҢ 40 ЕЛІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«TURKISTAN MARATHON» МАРАФОНЫНА ӘЛЕМНІҢ 40 ЕЛІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласында «Turkistan Marathon – 2024» марафоны өтуде. Оны Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
Жарыс Visit Turkistan аумағында өтті. Оған 40-тан аса елден келген 3000 әуесқой спортшы қатысып, Түркістанның көрікті жерлерін аралап, Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп өтіп, мәреге қайта оралады.
Жарыс сөресінде барлық қатысушыны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтап, марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгін біз қаламыздың және еліміздің өміріндегі маңызды және айтулы оқиғаның бірі – Түркістан марафонында жолығып тұрмыз. Бұл спорттық мереке ғана емес, ерік-жігердің, батылдықтың мерекесі. Түркістан қаласында осындай ауқымды іс-шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Марафон арқылы бұқаралық спорт, саламатты өмір салты насихатталады. Мұндай шаралар елімізде бұқаралық спорттың дамуына зор септігін тигізеді деп сенемін. Қоғамда салауатты ұрпақ қалыптастыруға үлес қосады. Сонымен бірге Түркістанның туристік және спорттық әлеуеті таныстырылады. Сондықтан марафондар барлық аудан, қалада тұрақты өтуі тиіс. Түркістан төріндегі марафон халықаралық деңгейде танылып, шетелден де қатысушылар саны көбейеді деген ойдамын. Бұл марафон сіздерге тек жағымды эмоциялар сыйлап, спорттағы және өмірдегі жаңа жетістіктерге бастама бола берсін! – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.
«Turkistan Marathon» марафонының қашықтығы дәстүрлі түрде 10 шақырым спутниктік жарыс, 21,1 шақырым жартылай марафон, 42,2 шақырым марафон және 3 шақырым (10-14 жас аралығындағы балалар) қашықтығы боп бекітілген.
Марафон AIMS халықаралық сөре мен жүгіру қауымдастығының бір бөлігі және трек World Athletics стандарттарына сай сертификатталған.
Айта кетсек, марафон аясында 35 жастан асқан қатысушылар арасында 42,2 шақырым жүгіру жарысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жеңімпаздарға арнайы қаржылай және сертификатты сыйлықтар табыс етіледі.
Алдыңғы пост

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ТҮРКІСТАННЫҢ 300-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ӘЗІРЛЕНДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі