elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда қолданылатын әдістер» тақырыбында қалалық семинар өтілді.

14 мая, 2025
in Аймақ, Білім мен ғылым, Саясат, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам, Әлеумет
0
«Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда қолданылатын әдістер» тақырыбында қалалық семинар өтілді.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде Кентау қаласы білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған психологиялық қызмет бойынша жылдық жоспарына сәйкес «Мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда қолданылатын әдістер» тақырыбында қалалық семинар өтілді. Семинарға Кентау қаласының білім бөлімінің әдіскері Замира Нұрдәулетқызы, мектеп директоры Гүлжахан Мырзаханқызы және қала мектептерінің педагог-психологтары қатысты. Семинар бағдарламаға сәйкес 2 кезеңде өтіліп, педагог-сарапшы санатындағы психологтар:
Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп педагог-психологтары М.Атабалаева, С.Казыметова
Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп педагог-психологы Г.Ниятова
Ә.Молдағулова атындағы жалпы білім беретін мектеп педагог-психологы А.Альжанова
Қашқари мектебінің педагог-психологы Д.Қадир өз тәжірибесі мен бөлісті.

Семинардың мақсаты – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өзара түсіністік пен сенімді арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен бөлісу. Психолог мамандар қазіргі заманғы тәрбиелік үдерістегі қиындықтар мен оны шешу жолдарын талқылады.

Семинар барысында түрлі тренингтер, жағдаяттық тапсырмалар, рольдік ойындар қолданылып, мұғалімдер мен мамандар тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын тәжірибе жүзінде пысықтады. Әсіресе «Ашық есік», «Қауіпсіз орта», «Бала үні» сияқты тәсілдердің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, болашақта ата-аналармен жұмыс жасауда осы әдістерді кеңінен қолдану керектігін атап өтті. Іс-шара ұжым ішіндегі кәсіби байланысты нығайтып, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты арттыруға сеп болды

Семинар өз деңгейінде, талапқа сай өтіліп, келген қонақтар жылы лебіздерін білдірді.
Алдыңғы пост

Ащысай ауылындағы М.Горкий атындағы N7 мектепте ата-аналармен кездесу өтті.

Келесі жаңалық

Кентау қалалық кітапханасында " Артына халқымен бірге жасайтын өшпес мұра қалдырған- С.Бәйтереков " атты іс шара болып өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі