«МАРХАБАТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ
Мархабат Байғұт – қазақ әдебиетінде өз өрнегімен, әсемдік әлемімен танылған, соқпағы соны, сонары олжалы, ішкі мәдениеті жоғары, Қаратаудың шертпе күйіндей күмбірлеген нәзік рухымен оқырманның жан-дүниесін баураған бекзат жазушы.
Жазушы, журналист, аудармашы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисті,Қазақстанның Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» орденінің иегері Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен облыстық «Мархабат оқулары» байқауы өтті.
Байқаудың іріктеу кезеңіне 17 аудан мен Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан жалпы саны 720 бала қатысып өз бағын сынады. Ақтық мәреге 4 кезең бойынша 144 қатысушы жолдама алып, өз бақтарын сынады.Оқырмандар төрт кезең бойынша бақ сынасты.
Байқауды қорытындылай келе Мархабат Байғұт шығармаларын (прозасынан) мәнерлеп оқу бойынша жүлделі 2-орынды Кентау қалалық орталық балалар кітапханасының оқырманы Өрікбай Дүрия иеленсе, Мархабат Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым бойынша «Түркілер төрі Түркістан» номинациясын Кентау қалалық орталық кітапхананың оқырмандары қанжығасына байлады. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Әрқашан жеңіс тұғырынан көрініңіздер!

