elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ОТЫРАРЛЫҚ ДОМБЫРА ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР.

15 мая, 2025
in Аймақ, Білім, Түркістан облысы, Қазақстан, Өнеркәсіп
0
ОТЫРАРЛЫҚ ДОМБЫРА ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ОТЫРАРЛЫҚ ДОМБЫРА ЖАСАЙТЫН ШЕБЕР.
Анарбай Қалдарбеков Отырардың тумасы, ағаш ұстасы, домбыра жасау шебері. Бүгінде кәсібі берекелі нәсіпке айналып, киелі қазақ аспаптарын өскелең ұрпаққа аманатпен жеткізуде.
“90 жылдан бастап осы кәсіппен шұғылданып келген. Мамандығы  құрылысшы, құрылыс саласында қызмет жасаған.» Сол бір жылдары Алматыға ініме барғанмын, Политехникалық институтының жертөлесінде шеберлер домбыра жасайды екен. Інім қоярда қоймай, қолыңыздан келеді ғой деген, сенімінің арқасында үйреніп алдым. Ауылға келіп керек жарақтарды түгендеп алғаш рет домбыра жасау өнерін меңгердім. Бүгінде шүкір, қолымнан көптеген аспаптар жасалып шықты, қобыз аспабын да шығарудамын” деп әңгімесін аяқтады, Анарбай шебер.

Домбыра — қазақ халқының көне әрі киелі музыкалық аспаптарының бірі. Ол — халқымыздың рухани мәдениетінің, салт-дәстүрінің, тарихы мен тағылымының жарқын көрінісі. Домбыра екі ішекті, көп жағдайда екі құлақты, шанағы қуысты ағаштан жасалған аспап. Оның үнінде қазақтың кең даласының самалы, бабалар үні мен ұрпаққа аманат болған рухани мұра жатыр.

Домбыра тек музыкалық аспап қана емес, ол – ұлттың жаны. Қасиетті домбыра күмбірлегенде қазақтың тарихы, шежіресі, елінің ерлігі мен елдігі шертіледі. Атақты күйшілеріміз Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей сынды өнер саңлақтары ел мен жерді, халықтың тағдырын күйлері арқылы жеткізген. Құрманғазының «Сарыарқа» күйі — ұлт рухының символына айналған.

Домбыра қазақтың тұрмысында да үлкен рөл атқарған. Ол – әр қазақтың шаңырағында ілулі тұратын киелі мұра. Үй иесінің өнерін, тәрбиесін танытатын аспап болған. Домбыра тарту — үлкен өнер. Ол арқылы жыр-термелер, шешендік сөздер, батырлық дастандар кеңінен таралған. Ауыл ақындары айтысқа түсіп, домбырамен өз ойын, толғанысын, сынын жеткізген.

Қазіргі таңда да домбыраның мәні кеміген жоқ. Қазақстанда шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленген. Бұл – оның маңызын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Мектептерде, жоғары оқу орындарында домбыра үйірмелері жұмыс істейді, жаңа буын шебер күйші, термеші, жыршылар өсіп келеді.

Домбыра — ұлттың коды, қазақы болмыстың үні. Ол арқылы ата-бабаның аманаты ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан да домбыра — қазақпен бірге жасап келе жатқан рухани мұра, мәңгілік үн.

Алдыңғы пост

ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ “ОТЫРАР ШҰБАТЫ”!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі