elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК 11 СЫНЫПТЫ ТӘМАМДАЙДЫ.

2 мая, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Түркістан облысы
0
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК 11 СЫНЫПТЫ ТӘМАМДАЙДЫ.
Биыл Түркістан облысында 34 мыңға жуық оқушы 11 сыныпты тәмамдайды. Олардың ішінде 2 313 оқушы «Алтын белгіге», ал 2 400-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Түркістан облысының білім басқармасының міндетін атқарушы Қасымбекова Айгүл мәлімдеді.
Брифинг барысында мектепті бітіру шарасының алгоритмі баяндалды. Биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылы 34 аптаға жалғасып, 25 мамырда аяқталады. 23 мамыр күні барлық 1-11 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Бұл оқушылардың жыл бойы алған білімін қорытындылап, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
Айта кетерлігі, 11-сынып түлектері үшін мектеп бітіру іс-шарасы 23 мамырда барлық мектептерде өтеді. Қорытынды мемлекеттік емтихандар 9- сыныптар үшін 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, ал 11-сыныптар үшін 30 мамыр мен 16 маусым аралығында ұйымдастырылады. Сондай-ақ, осы жылы облыс бойынша 27 386 түлек тест тапсырады. Облыста 5 тестілеу пункті жұмыс істеп тұр.
Айгүл Ерғалиқызы БАҚ өкілдерімен өткен пресс-конференцияда 2024-2025 оқу жылын жетістікке толы жыл болғанын мәлімдеп, бірқатар жағымды ақпараттармен бөлісті
— Білім сапасындағы жетістіктерге тоқталар болсақ, 2024-2025 оқу жылы облысымыз үшін табысты жыл болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларда 12 алтын, 16 күміс, 27 қола медаль иеленді. Сонымен қатар, 5 мектеп үздік олимпиадалық мектептер қатарына енсе, «Зерде» республикалық жобалар конкурсында 9 жүлделі орынды иеленді. Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы республикалық байқауларда оқушыларымыз 100-ге жуық жүлделі орынмен оралды.«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында облыс оқушылары алтын мен күміс медальдарға ие болды
Білім саласындағы инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, облыста 2025-2027 жылдары 115 мектеп жаңғыртудан өтеді. Биыл 41 мектепке қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл — ауылдағы баланың да қаладағы замандасымен тең дәрежеде білім алуына жол ашады.
Сонымен қатар, өңірде педагогтерді қолдау мақсатында 2024 жылы 17 548 педагог біліктілігін арттырса, 2025 жылы 17 121 педагог қамтылады. Қазірдің өзінде 3 889 маман курстан өтті.
Бұдан бөлек, Айгүл Ерғалиқызы оқу жылын сәтті аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен жазғы сауықтыруын сапалы ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар басқарма тарапынан үздіксіз бақылауда екендігін жеткізді.
Осылайша, Түркістан облысының білім беру саласында жүйелі реформалар мен нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.
Алдыңғы пост

“Балтаңдай” өнер фестивалінің “Менің туған жерім” сурет жанры бойынша сайыс болып өтті.

Келесі жаңалық

Қас-қағым сәтте қабылданған шешім – бір өмірді аман алып қалды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі