Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясында “Мәдени мұрамен танысу – ұлт руханиятының бастауы” тақырыбы аясында мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Арқарбекова оқушылардың мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, тарихи сана қалыптастыруға , отансүйгіштікке тәрбиелеуге дәріптеп ,оқушыларды 4 сынып оқушыларын мектебтің музейімен таныныстырды.
Бұл — балалар үшін ерекше әсерлі және танымды күн болды. Музейде оқушыларды жылы қарсы алып, түрлі тарихи жәдігерлермен таныстырды. Ең қызықты сәттердің бірі — балалардың кейбір экспонаттарды өз қолдарымен ұстап көру мүмкіндігіне ие болуы еді. Әдетте мұндай жәдігерлер тек шыны vitrinda тұратын болса, бұл жолы оқушылар ежелгі ыдыстарды, еңбек құралдарын, соғыс кезінен қалған заттарды, ұлттық бұйымдарды өз көздерімен көріп қана қоймай, оларды ұстап көріп, салмағын, текстурасын сезіне алды. Бұл олардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, танымдық көкжиегін кеңейтті. Экскурсия соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсіп, музейден көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

