Сауран ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің 2025-2026 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес ,2025жылы 8- мамыр күні №105 негізінде ,сағат 10-00де Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында 10-сынып оқушыларына арналған «Жас математиктер кубогі » аудандық олимпиадасы болды.Олимпиаданың мақсаты: аудандағы дарынды оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру , білімімен , дарынымен дараланған жеңімпаз оқушыларға қолдау көрсету. Олимпиадаға аудан көлеміндегі әр мектептің 10-сыныптарынан 2 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылардың жұмысын тексеру үшін Сауран ауданы білім бөлімі тарапынан арнайы қазылар алқасы құрамы бекітілді. Олар: А.Усенов атындағы жббм Розмат Алишер Толқынжанұлы: №1 ЖББМ Нишанбаев Ойбек Шухратович : №2 ЖББМ Нурметов Элдар Рустемжанович.Олимпиадаға мектептен10-сынып оқушыларынан Азизханов Азизбек пен Юлдашова Оғлай қатысты. Олар өз бәсекелестерін жеңіп ең жоғары ұпаймен бас жүлдеге ие болды. Мықты математик мамандардың еңбегінің жемісі арқасында қатарынан үшінші жыл «Жас математиктер кубогі » осы мектеп төрінен орын алуда. Мектеп ұжымы математика пәні мұғалімі Бабаев Азаматқа өз ризашылығын білдіруде. Жеңімпаз оқушылар Азизханов Азизбек пен Юлдашова Оғлай және Бабаев Азаматтай нағыз білікті де білімді маманымен мақтан етеді екен.

Математика – адамзат өркениетінің дамуына зор үлес қосқан ғылымдардың бірі. Ол тек сандар мен формулаларға негізделіп қана қоймай, күнделікті өмірде, түрлі мамандықтарда, технологияда, тіпті тұрмыста да маңызды рөл атқарады. Математика ойлау қабілетін дамытып, адамның логикалық, аналитикалық және шығармашылық тұрғыдан жетілуіне ықпал етеді.
Бір қарағанда, математика тек мектепте ғана қажет секілді көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде, біз оны күн сайын қолданамыз. Мысалы, дүкенде сауда жасағанда, жол жүру бағытын есептегенде, ас әзірлегенде немесе отбасы бюджетін жоспарлағанда математикалық білім қажет болады. Ақша санау, уақытты бөлу, пайызбен есептеу – барлығы математикамен байланысты.
Сонымен қатар, математика – көптеген кәсіптердің негізі. Инженерлер, құрылысшылар, дәрігерлер, экономистер, бағдарламалаушылар, ұшқыштар – барлығы өз жұмысында математиканы қолданады. Құрылыс жобасын сызғанда, көпір салғанда немесе зымыран ұшырғанда – бәрі нақты есептеуге сүйенеді. Қателікке жол жоқ, себебі бұл адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Қазіргі заманда математиканың маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Жасанды интеллект, компьютерлік ғылым, криптография, деректерді талдау – барлығы математикалық білім мен ойлау қабілетіне негізделген. Математикасыз ғылым мен техниканың алға басуы мүмкін емес.
Сонымен қатар, математика – тәртіп пен табандылыққа баулиды. Есеп шығару барысында адам қателесуден қорықпай, мәселені түрлі жолмен шешуге тырысады. Бұл өмірде кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектеседі.
