Т.Рысқұлов атындағы №24 мектепте діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта білім беретін мектепте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ.Құлтай қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – оқушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, олардың радикалды идеологиялардың ықпалына түспеуін қамтамасыз ету және саналы, ұлттық құндылықтарға адал ұрпақ тәрбиелеу болды.
Шара барысында теолог мамандар діннің мәні, оның адам өміріндегі орны және бүгінгі қоғамдағы жалған діни ағымдардың қауіпі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға дін атын жамылып таралатын экстремистік идеялардың белгілері мен олардан сақтану жолдары түсіндірілді.
Діни экстремизм — бұл діни сенімдерді теріс пайдалану арқылы қоғамға, мемлекетке, адам өміріне қауіп төндіретін радикалды әрекеттер жиынтығы. Ол толеранттылық пен бейбітшілікке қарсы бағытталған, әрі әртүрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы алауыздықты қоздыруы мүмкін. Экстремистер өз мақсаттарына жету үшін діни ұрандарды жамылып, жастарды адастырып, зорлық-зомбылыққа итермелеуі мүмкін. Бұл құбылыстың алдын алу үшін мемлекет, білім беру ұйымдары және ата-аналар бірігіп, жастардың діни сауатын арттыруы қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен интернеттегі радикалды идеялардың таралуына жол бермеу — қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі. Қоғам болып бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген өмір салтын ұстану — діни экстремизмге қарсы күрестегі маңызды қадам.

