elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Балаларды қорғау күніне» орай іс шара ұйымдастырылды.

23 мая, 2025
in Аймақ, Білім, Таным, Түркістан облысы
0
«Балаларды қорғау күніне» орай іс шара ұйымдастырылды.
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

22.05.2025 ж. күні Түркістан облысының ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен «Балаларды қорғау күніне» орай жоспар бойынша департамент басшысы генерал майор Кабденов Мұраттың басшылығымен облыс көлемінде іс шара ұйымдастырылды. Балаларды қорғау күнінің мақсаты — балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.

Балалар — еліміздің болашағы, ұлтымыздың үміті. Олардың дені сау, білімді, тәрбиелі болып өсуі — әрбір отбасының, қоғамның және мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан бұл күн — үлкендер үшін балаларға деген сүйіспеншілікті білдіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін, еркіндігін, құқықтарын қорғау қажеттігін тағы бір мәрте еске салатын күн.

Бұл мереке әлемнің көптеген елдерінде кең көлемде аталып өтеді. Қазақстанда да 1 маусым — балалар үшін түрлі мерекелік іс-шаралар, концерттер, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылатын шуақты күн. Саябақтарда балаларға арналған мерекелік қойылымдар, спорттық жарыстар мен шеберлік сағаттары өткізіліп, оларға қуаныш пен шаттық сыйланады.

Алайда бұл күн тек көңіл көтеру емес. Бұл — балаларды қорғаудың, олардың өмірін жақсартудың маңыздылығын түсіну, әрбір баланың қауіпсіз, бақытты ортада өсуіне үлес қосу күні. Балаларға қуаныш сыйлау — үлкендердің парызы. Олар махаббат пен қамқорлыққа толы әлемде өмір сүруге лайық.

Іс-шараға Кентау қаласынан Ә. Молдағұлова атындағы № 19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінен 30 оқушыдан тұратын кадет сыныбы қатысты. Қалалық полиция бөлімінің полиция под полковнигі Апашов Сапархан, мектептің алғашқы әскери дайындық пән жетекшісі Қалқожа Қанат және педагог- ұйымдастырушы Е. Байтемировтар кадет сыныбына жетекшілік жасап түрлі іс шаралардың көрінісін тамашалады. Сондай-ақ облыстық департаменттің ұйымдастыруымен оқушыларға асфальтқа сурет салу конкурсын өткізілді. Жеңімпаз оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Алдыңғы пост

«БІЛІМІМ-ОТАНЫМА»Махмуд Қашғари атындағы мектеп-лицейде.

Келесі жаңалық

МЕКТЕБІМ,САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі