Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының бастамасымен 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік балалар апталығы ұйымдастырылды.Балаларға арналған қызықты ойындар, спорттық жарыстар мен эстафеталар да ұйымдастырылды. Әр топ өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Шара соңында барлық бүлдіршіндерге тәттілер мен сыйлықтар таратылып, балабақша әкімшілігі ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен мейірімділік жайлы жылы лебіздерін білдірді.
Бұл мереке тек қана балалар үшін емес, үлкендер үшін де ерекше маңызға ие. Себебі балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Оларды қорғау, тәрбиелеу және бақытты балалық шақ сыйлау – баршамыздың міндетіміз. Осындай іс-шаралар арқылы балалардың бойында отансүйгіштік, достық, өзара құрмет сияқты асыл қасиеттер қалыптасады.
Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл күн олар үшін ұзақ уақытқа есте қалатын қуанышты мерекеге айналды.
