“Балдәурен” жазғы лагерінің ашылуы
2025 жылғы 26 мамыр күні Әл-Фараби Атындағы Мектеп-гимназиясы мектебінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылығын дамыту, достық пен бірлікті нығайту.
Лагерь жетекшілері мен ұстаздар балаларды мерекемен құттықтап, алдағы күндерге сәттілік тіледі.
Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән шырқап, би билеп, қызықты ойындар ойнады. Лагерь топтары өз ұрандарын таныстырып, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күймен өтті. Балалар лагерь өмірінен жағымды әсер алып, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізуге ниетті екендерін білдірді.

