elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ӨТТІ.

28 мая, 2025
in Аймақ, Білім, Түркістан облысы
0
ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ӨТТІ.
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ӨТТІ.
Кентау қалалық білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылындағы жоспарына сәйкес 2025 жылдың 28- мамыр күні Ю. Гагарин атындағы №16 мектептің жиын залында қалалық «Әдістемелік кеңес» өтті. Аталған кеңеске бөлім әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары,әлеуметтік педагогтер мен педагог- психологтар қатысты.

Әдістемелік кеңес — бұл білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, әдістемелік жұмыстарды үйлестіруге бағытталған консультативтік-ұйымдастырушылық орган. Ол мектептерде, колледждерде, университеттерде, сондай-ақ басқа да білім беру мекемелерінде құрылады.

Әдістемелік кеңес негізінен оқу үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіру, жаңа білім беру технологияларын енгізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету, озық педагогикалық тәжірибені тарату, оқу-әдістемелік құралдарды қарастыру және бекіту сияқты мәселелермен айналысады. Кеңестің құрамына директордың орынбасарлары, тәжірибелі пән мұғалімдері, әдіскерлер және басқа да педагог мамандар кіреді. Кеңес тұрақты түрде жиналып, жоспарланған мәселелерді қарастырады, әдістемелік ұсыныстар мен шешімдер қабылдайды.

Бұл кеңестің жұмысы мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді, кәсіби құзыреттілікті арттыруды және білім сапасын көтеруді мақсат етеді.

 Әдістемелік кеңестің күн тәртібінің негізінде төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар оқылып, мәселелер талқыланды.
 А.Мақұлбекова- әдістемелік кабинет меңгерушісі;
Наурыз айында кеңесте қабылданған шешімнің орындалуы;
  ІV тоқсанның үлгерім,сапасының қорытындысына талдау,
  Озат тәжірибені жинақтау, зерттеу, тарату жұмыстарының барысы туралы— Қ.Әнжаев №14 мектеп директорының орынбасары
  Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс туралы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына консультациялық және әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету; Г.Кеншембаева-әдіскер
  2024-2025 оқу жылында әдістемелік кеңестің атқарған жұмыстарының есебі А.Мақұлбекова-әдістемелік кабинет меңгерушісі
  Қалалық шығармашылық топтың жұмысының есебі— Н.Баршабекова-Ататүрік ат. №4 м/л директорының орынбасары;
  Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытуда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде білім алушылардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыру— Б.Абдуханов- №15 мектеп директорының орынбасары;
  Заманауи мектепте бейіндік білім беру жүйесін дамыту— Ф.Мансурова — №2 мектеп директорының орынбасары;
 Кеңес мүшелері және қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікірірлер тыңдалды.Кері байланыс жасалып, ұсыныстар берілді. Оқу жылы қорытындыланып бөлім әдіскерлері мен директор орынбасарларына бөлім басшысы атынан алғыс хаттар табысталды.
Алдыңғы пост

Қауіпсіз жол – ортақ міндет!

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Бүгін «Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері үшін ерекше күн болды – олар өздерінің сүйікті балабақшаларымен қоштасты.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі