
Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйінде әлеуметтік педагогы Г.Қ.Байдюсенова және педагог-психолог А.Х.Дарменбаеваның ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылының қорытынды есеп беру жиыны өтті.
Аталған іс-шараға оқушылар үйінің ата-аналары және педагогтар қатысты.
Мерекелік іс-шараны Кентау оқушылар үйінің директоры Н.Ы.Жұмаш ашып беріп, оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап,келген қонақтарға ризашылығын білдірді.
Жиын барысында педагог-психолог А.Х.Дарменбаева ата-аналармен психологиялық тренинг өткізіп, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары А.Саукимбаева 2024-2025 оқу жылындағы жеткен жетістіктерге шолу жасап өтті.
Сонымен қатар оқушылар үйінің дарынды балалары өз өнерлерін көрсетіп,көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Жиын соңында оқушылар үйінің дарынды оқушыларының ата-аналарына және оқушылар үйінің дамуына қолдау көрсеткен белсенді ата-аналарға мекеме басшысы атынан арнайы Алғыс хат табыс етілді.
