elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ.

29 мая, 2025
in Аймақ, Білім мен ғылым, Мәдениет, Түркістан облысы, Қоғам
0
МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ.
Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жетілдіру және жасөспірімдер арасындағы радикалды идеологияның алдын алу мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен білім беру мекемелерінің психологтарына арналған семинар өткізілді.
Семинарға Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы, РАТТ мүшесі Ж.Жорабек қатысып, дін саласындағы құқықтық нормалар, кәмелетке толмағандар арасында діни радикализмнің алдын алу жолдары мен мектептегі профилактикалық жұмыстардың маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, қазіргі жастардың интернет арқылы теріс идеология ықпалына ұшырау қаупі, діни сауатсыздықтың салдары және оны болдырмау жолдарын түсіндірді.

Діни экстремизм — бұл дінді өз мақсатында бұрмалап, радикалды идеяларды насихаттау арқылы қоғамда алауыздық, жікшілдік немесе зорлық-зомбылықты тудыратын әрекеттер мен сенім жүйесі. Экстремистер өздерінің көзқарастарын жалғыз дұрыс жол деп санап, басқалардың наным-сеніміне төзімсіздік танытады. Олар кейде дінді желеу етіп, заңға қайшы әрекеттерге, тіпті терроризмге дейін барады.

Діни экстремизм көбіне білімсіздік, әлеуметтік әділетсіздік, кедейлік, жұмыссыздық сияқты мәселелерден туындайды. Жастар радикалды идеологияның ықпалына тез түсіп кетуі мүмкін, себебі олар көбіне рухани ізденісте болады және өз өмірінің мәнін табуға тырысады. Экстремистік ұйымдар жастарды алдап, оларға жалған үміт пен мағына ұсынып, өз қатарларына тартуға тырысады.

Мұндай идеология қоғамның тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сондықтан діни сауаттылықты арттыру, рухани тәрбие беру, заң алдында жауапкершілікті күшейту — діни экстремизмнің алдын алудың маңызды жолдары. Әрбір азамат — қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты сақтау жолында сергек әрі жауапты болуы тиіс.

Іс-шарада білім саласының қызметкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Семинар соңында қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылып, арнайы сертификаттар табысталды.
Алдыңғы пост

Кентау оқушылар үйінде 2024-2025 оқу жылының қорытынды есеп беру жиыны өтті.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі