
Ащысай ауылдық №7 кітапхана- филиалының ұйымдастыруымен 26 маусым — нашақорлыққа қарсы күрес күіне орай «Есірткі – ғасыр дерті» атты талқылау кеші өтті. Шараға М.Горький атындағы №8 жалпы орта мектебінің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Қазіргі қоғамда жастар арасында есірткіге әуестік артып барады. Бұл — өте қауіпті және келешек үшін ауыр қасірет. Есірткі — адамның денсаулығын ғана емес, өмірін де құрдымға кетіретін улы зат. Оның зияны тек жеке адаммен шектелмейді, бүкіл қоғамға әсер етеді.
Есірткіге тәуелді болған адам бірте-бірте өзіне, отбасына, айналасындағы адамдарға салмақ сала бастайды. Ол адамда денсаулық проблемалары пайда болып, жүйке жүйесі бұзылады, сана-сезімі әлсірейді. Уақыт өте келе адам қоғамнан шеттеп, қылмысқа баруы мүмкін. Ең қауіптісі — бұл әдеттен арылу өте қиын.
Есірткіні бір рет қолданып көрудің өзі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе жасөспірімдер арасында қызығушылықпен басталып, кейін тәуелділікке айналады. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар баланың тәрбиесіне, айналасындағы ортасына ерекше көңіл бөлуі керек.
Мемлекет те бұл мәселені назардан тыс қалдырмауы қажет. Есірткіге қарсы күрес — тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл халықтың міндеті. Біз бірлесе отырып қана бұл кеселдің алдын ала аламыз. Есірткісіз болашақ — жарқын болашақ.
