elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы “Балдаурен” жазғы тынығу спорттық лагердің ашылуы болды.

2 июня, 2025
in Uncategorized, Білім, Білім мен ғылым
0
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы “Балдаурен” жазғы тынығу спорттық лагердің ашылуы болды.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
2 маусым күні Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Қаражон» шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы “Балдаурен” жазғы тынығу спорттық лагердің ашылуы болды. Мектебіміздің директоры Ж.Омарбеков және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Усенов оқушыларға ізгі ниет тілегін білдіріп әрі қарай көнцерттік іс-шарамен жалғасын тапты, оқушылардың өздері де белсене қатысып, ерекше көңіл күймен жазғы лагеріміздің ашылу салтанаты өтті.
Мерекелік шара балалардың жүзінен күлкі, жүрегінен шаттық сыйлап, естен кетпес әсер қалдырды. Ән шырқап, би билеп, түрлі ойындар ойнатылды.
Бұл күн – балалардың бақыт пен қуанышқа толы сәттерін арттырып, оларды қорғаудың, бағалаудың маңызын терең сезіндірді.Бүлдіршіндердің армандарың орындалсын, қиялдарың қанаттансын!
Сонымен қатар,1маусым «Балаларды қорғау» күніне орай шара соңында мектеп асханасын ыстық тамақпен қамтып отырған жеке кәсіпкер Тлемисова Эльмира Данибековна ханымның демеушілігімен балаларға тәтті балмұздақтар таратылды.Балаларды қорғау күні – әлемдегі ең маңызды әрі жарқын мерекелердің бірі. Бұл күн жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі және балалардың құқығын қорғау, олардың аман-саулығы мен бақытты болашағын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. 1950 жылдан бастап бұл күн ресми түрде Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде бекітілді.

Балалар – әрбір елдің болашағы, қоғамның тірегі. Сондықтан оларды қорғау, білім мен тәрбие беру, қауіпсіз орта қалыптастыру – әрбір ата-ана мен мемлекеттің басты міндеті. Осы күні әлемнің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени және тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып, балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар, қайырымдылық акциялар – мұның бәрі балалардың жүзінен шаттық күлкі көру үшін жасалады.

Қазақстанда да бұл күн ерекше тойланады. Мектептер мен мәдениет үйлерінде мерекелік шаралар өтіп, балдырғандарға сыйлықтар таратылады. Сонымен қатар, әлеуметтік әлсіз отбасылар мен жетім балаларға қолдау көрсетіліп, қоғам назарын балалар мәселесіне аудару көзделеді.

Балалар – әлемнің ең нәзік әрі ең құнды байлығы. Олардың күлкісі мен бақытты өмірі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан әрбір ересек адам баланың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға атсалысуы тиіс. Балаларға бейбіт өмір, сапалы білім, жақсы тәрбие мен қамқорлық көрсету – болашаққа салынған мызғымас негіз.

 Балалар – біздің болашағымыз! Олардың әрбір күлімдеген күні – еліміздің жарқын келешегінің белгісі.
Алдыңғы пост

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Төле би атындағы жалпы білім беретін мектебінің шәкірттері ЖОО-ның грант иегері атанды.

Келесі жаңалық

Сарыағаш аудандық ауруханасына қарасты тұрғындарға профилактикалық тексерулер жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі