elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектебім,саған мың алғыс! » атты салтанатты жиыны өткізілді.

24 мая, 2025
in Аймақ, Білім
0
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектебім,саған мың алғыс! » атты салтанатты жиыны өткізілді.
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Молда Мұса атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектебім,саған мың алғыс! » атты салтанатты жиыны өткізілді. Айрықша күнге орай аудан әкімі Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы соңғы қоңырау іс-шарасына арнайы қатысып, мектеп ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады.
Аудан әкімі өз сөзінде: «Сіздер – еліміздің болашағы, туған жеріміздің тірегі боласыздар. Туған ауылыңызды, мектебіңізді ұмытпай, қай жерде жүрсеңіздер де елге адал қызмет етесіздер деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деп түлектерге ақ жол тіледі.
Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мектеп ұжымы мен ата-аналар жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, үздік оқушылар мен ұстаздарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты шарада мектеп ауласында түлектердің естелік вальсімен және соңғы қоңырау сыңғырлы үнімен қорытындыланды.

Мектеп – әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең ұмытылмас кезеңдердің бірі. Осы қасиетті қара шаңырақтан түлеп ұшқалы тұрған сәт – қуаныш пен қимастыққа толы ерекше кезең. Он бір жыл бойы әр күнгі сабақтар, достармен қызықты сәттер, ұстаздардың ақыл-кеңестері мен мейірімі жүрек түкпірінде мәңгі сақталады.

Мектеп – білім мен тәрбие ордасы ғана емес, сонымен қатар арманға апарар алғашқы баспалдақ. Осы жылдар ішінде біз тек білім алып қана қоймай, өмірді, достықты, сыйластықты, сабыр мен жауапкершілікті үйрендік. Әр ұстаз – біз үшін өмір жолындағы шамшырақ болды. Олар бізге тек пән үйреткен жоқ, адам болуды, елін сүйетін азамат болуды үйретті.

Қоштасу сәтінде жүрек тебіренбей қоймайды. Мектеп қабырғасындағы естеліктер – партадағы тәтті сәттер, асыр салып ойнаған демалыс уақыттары, мектеп формасы мен алғашқы қоңырау үні – бәрі-бәрі қимастық сезімін оятады. Бірге өскен сыныптастарымызбен енді әркім әр жаққа аттанады. Біріміз дәрігер, біріміз инженер, біріміз ұстаз боламыз. Бірақ бәрімізді осы мектеп, осы сәт, осы естеліктер байланыстырып тұрады.

Алдымызда үлкен өмір жолы күтіп тұр. Мектеп берген білім мен тәрбие сол жолда бізге бағыт-бағдар болмақ. Енді біз ұстаздар сенімін ақтап, еліміздің ертеңі болуға тиіспіз. Жастардың болашағы – елдің болашағы екенін терең түсініп, біліміміз бен еңбегіміз арқылы Отанымызға үлес қосу – басты парызымыз.

Мектеппен қоштасу – бір кезеңнің аяқталып, жаңа өмірге аяқ басу деген сөз. Қимастықпен бірге үміт, сенім және алға ұмтылу бар. Біз мектепке әрдайым ризашылықпен қарап, жүрегіміздің төрінде сақтаймыз.

 

Алдыңғы пост

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Абай мектебі. Бүгін мектебімізге осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер келіп, жүрек тебірентер сәттерге куә болдық.

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте бітіруші түлектер үшін, есте қалатын ерекше мереке «МЕКТЕБІМ САҒАН, МЫҢ АЛҒЫС! атты салтанатты жиын болып өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі