
ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» №347 бұйрығы негізінде, мектепте 10 сыныпты бітіруші жасөспірімдермен оқу-далалық жиыны және қыз-балалармен медициналық практикалық сабақтары мамыр айының 12-16 күндері мектеп базасында ОДЖ өткізілді.
Қазіргі заманғы әлемде бейбіт өмірдің бағасы өте жоғары. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — әр азаматтың қасиетті борышы. Осы тұрғыдан алғанда, мектептер мен колледждерде жүргізілетін әскери дайындық пәні — жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және тәртіп сияқты маңызды қасиеттерді қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады.
Әскери дайындық — бұл тек қана қару ұстауды немесе саппен жүруді үйрету емес, бұл — елінің болашағы үшін жауапкершілік артатын, дені сау, білімді, рухы мықты жастарды тәрбиелеу жолы. Бұл пән арқылы оқушылар әскери тәртіпке, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, байланыс орнату тәсілдеріне және қорғаныс құралдарын пайдалануға үйренеді.
Сондай-ақ, әскери дайындық патриоттық тәрбие берудің бір бөлігі. Оқушылар өз еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, Отан алдындағы борышын терең сезіне бастайды. Бұл, әсіресе, жаһандану үдерісінде ұлттық бірегейлікті сақтап қалуда маңызды рөл атқарады. Жастарға Отанды сүю, қорғау идеясын мектеп қабырғасынан бастап сіңіру — болашақ қауіпсіз қоғамның негізі.
Бұдан бөлек, әскери дайындық пәні — тәртіп пен ұйымшылдыққа үйретеді. Әскери тәртіпке бағыну, уақытты тиімді пайдалану, ұжыммен бірлесіп жұмыс жасау, басшылыққа бағыну сияқты дағдылар азаматтың кез келген салада табысты болуына септігін тигізеді.
Қазіргі таңда елімізде әскери кадрлардың резервін дайындау, жастарды әскерге дейін моральдық әрі физикалық тұрғыдан дайындау өте маңызды. Өйткені заманауи соғыс тек қана қару мен күшке емес, білім мен технологияға да сүйенеді. Сондықтан әскери дайындық тек физикалық емес, техникалық білімді де қамтуы керек.
Қорытындылай келе, әскери дайындық пәні — мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жастардың бойына патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін ұялататын, қоғамға пайдалы азаматтар тәрбиелейтін маңызды пән. Бұл пәннің білім беру жүйесінде алатын орны ерекше, сондықтан оны заман талабына сай жетілдіріп, кеңінен насихаттау қажет.
