СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ15 мамыр- «Отбасы күні» мерекесіне орай «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайысы өткізілді.
Мақсаты: Отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын қалыптастыру, қолайлы білім беру ортасыз қамтамасыз ету үшін ата-аналар мен ұстаздар арасындағы тығыз қарым-қатынасты арттыру болып табылады.
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайысы баршамызды біріктіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайысқа үш отбасы қатыстып, өздерінің ұйымшылдығын, жылдамдығын және мықты командалық рухын көрсете біледі. Балалар мен ата-аналар бірге жарысып бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ жеңіске ұмтылды.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды:
1. «Таныстыру» кезеңі
2. «Кім жылдам» сайысы
3. «Допты кедергілер арасынан алып жүру» сайысы
4. «Боулинг» сайысы
5. «Нысана көздеу» сайысы
6. «Қол күрес» сайысы
7. «Арқан тарту» сайысы.
Сайыс қорытындысы бойынша:
-ші орын: «Балтабай» отбасы
-ші орын: «Тойбековтар» отбасы.
-ші орын: «Аметовтар» отбасы иемденді.
Сайысқа қатысқан барлық отбасыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар тапсырылды. Мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайта түседі.
