elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. IQanat олимпиадаға Сауран ауданынан 9 оқушы қатысып, бақтарын сынауда.

19 июня, 2025
in Аймақ, Білім, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. IQanat  олимпиадаға Сауран ауданынан 9 оқушы қатысып, бақтарын сынауда.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 
Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл республикада жыл бойы өтті. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушылары жобаға қатысып, олардың ішінде үздік мың бала финалист атанды!
Олимпиада аясындағы EQ-тест
IQanat финалистері эмоциялық интеллект, көшбасшылық және кәсіпке бейімділік бойынша тесттен өтеді. Бұл – іріктеудің жаңа стратегиясы. Көп жағдайда баланың жетістіктерін мектеп пәндері бойынша білімі емес, «soft skills» дағдылары айқындайды. Осылайша, биылдан бастап қорытынды тестілеудің академиялық бөлігі 80%-ды құраса, қалған 20% бөлігі «жұмсақ» дағдыларға тиесілі болады.
«Біздің міндетіміз – балалардың арасынан ең ақылдыларды емес, ең ынталы, бастамашыл және өз арманына қол жеткізу үшін күресуге дайындарын іріктеу. EQ-тест бізге мұндай балаларды тиімді таңдауға мүмкіндік береді, Сондай-ақ, ең маңыздысы – баланы кейін қай бағытта дамыту керектігін айқындап береді. Эмоциялық интеллект икемді дүние, егер бала тәлімгерлер, тьюторлар және қолдау бар дұрыс ортаға тап болса, оның көрсеткіштері жақсарады. Мұндай тәсіл баланың қай тұсы мықты, ал қай жағын дамыту керектігін көрсетіп береді», — деді IQanat академиялық директоры Зухра Шегенова.
Оқу-жаттығуға толы апта
Тестілеу финал аптасының бір ғана күнінде өтеді. Уақыттың негізгі бөлігін ұйымдастырушылар балаларды оқытуға және ынталандыруға арнап жатыр. Жасанды интеллект пен медиасауаттылықтан бастап, кәсіби бағдарлау, бұқара алдында сөйлеу және ойлау дизайнына дейінгі түрлі тақырыпта тренингтер мен дәрістер болады. Балалар танымал бизнесмен, блогерлермен кездесіп, интерактивті ғылыми тәжірибелерге, reading-челлендждерге қатысады, ал ересек балалар Peer-to-Peer жобасы аясында қатысушылардың білімін толықтыруға көмектеседі.
«Балалардың көпшілігі үшін бұл – өз ауылынан, өз өңірінен тыс үлкен қалаға алғашқы сапары. Олар тұңғыш рет университеттерді, бизнес орталықтарды, үлкен даңғылдарды көреді. Олардың санасында «Неге мен емес?» деген басты сұрақ туады. Неге мен осында оқып, елімізді өзгертуге жұмыс істемеймін? Біз балаларды онлайн форматта да тестілей аламыз, бірақ сегізінші сынып оқушыларын әдейі бүкіл елден жинап, басын қосамыз. Олар өз ауылдарының сыртында үлкен әлем барын көріп, ең бастысы, өз арман-мақсаттарына қол жеткізуге болатынын түсінеді», — деді Түркістан облысының үйлестірушісі Сауле Жарқынбекова.
Медеудегі маңызды кеш
Олимпиада Медеу тау шатқалындағы стадионда қорытындыланып, үздік оқушыларды марапаттау рәсімі өтеді. Оқушылардың бір бөлігі Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатында білім алу грантына ие болады. Олардың оқуға қатысты барлық шығыны өтеледі. Оқушылардың екінші бөлігі IQ ADVANCED тереңдетіп оқу бағдарламасына қатысса, үшінші бөлігі IQ-IP үш жылдық бағдарламасына қосылады. Оның аясында балалар жоғары оқу орындарына түсуге онлайн дайындалады.
IQanat – ақылды әрі жүйелі қайырымдылықтың жарқын үлгісі. Іріктеуден кейінгі 3 жыл бойы балалармен үздік ұстаздар мен менторлардың жұмыс істеуінің арқасында жоба түлектерінің 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грант негізінде түседі. Бүгінде жоба түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр.
Олимпиадаға Сауран ауданынан 9 оқушы қатысып, бақтарын сынауда.
Алдыңғы пост

Сәуле балабақшасында,Түрлі түсті шарлар атты шара өтті.

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп Бүгін, 2025 жылдың 19 маусым күні, мектебімізде 11-сынып бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі