
Жас түлек – 2025
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Бүгін, 2025 жылдың 19 маусым күні, мектебімізде 11-сынып бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді мектеп директорының міндетін атқарушы Дағмырзаева Бағлан Абылбекқызы жолдады.
Биылғы оқу жылында 11-сыныпты үздік аяқтаған түлектеріміз:
Тойшыбай Қасиет және Қалмахан Нұрай
Ал 9-сынып бойынша үздік аттестат иегерлері:
Жақсылық Жадыра, Шаймерден Аяулым, Керімбек Кәусар
Құттықтау лебіздерін:
– тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Мұздақбаев Балтабай,
– ата-аналар комитетінің төрағасы Ізтілеуов Бақытжан,
– және бітіруші түлектердің өздері де жеткізіп, ұлағатты ұстаздарына алғыс айтып, сыныптастарына жүрекжарды тілектерін білдірді.
Салтанатты жиын жоғары деңгейде, әсерлі әрі мазмұнды өтті. Іс-шара соңында ата-аналар мен оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, мейрамханаларда жаппай отырыс ұйымдастырмау туралы ескерту жасалды.
Бұл сәт – естен кетпес естелікке айналды!
